31-сурвт.
Бадяганың геммуласы: 1 - Spongilla геммуланың сыртқы көрінісі
(үлкейтілген); 2 - Ephydatia - геммуланьгының кесіндісі (үлкейтілген)
Жынысты жолмен барлық губкалар көбейеді. Губкалардың басым
көпшілігі гермафродиттер (қос жыныстылар). Жыныс клеткалары мезоглея
қабатында орналасқан археоцит клеткалардан пайда болады.
Аталық
гаметалар мезоглея қабатынан саңылаулар жүйелері арқылы парагастраль
қуысына түсіп, одан судың ағынымен оскулум тесігі арқылы сыртқы су
ортасына шығады. Жетілген жұмыртқасы бар басқа губканың денесіне еніп,
оларды ұрықтандырады.
Ұрықтанған жұмыртқаның алғашқы даму
кезеңі аналық организмнің
ішінде өтеді. Ұрықтанған жұмыртқа толық және біркелкі бөліне отырып 8
бластомерлерге бастама береді. Одан ары ұрық 8 майда үстіңгі және 8 ірі
астыңғы бластомерлерге бөлінеді. Әрі қарай даму барысында майда
бластомерлер ірілерге қарағанда тез бөліне бастайды. Осының нәтижесінде
бір қабатты шар тәрізді ұрық - бластула түзіледі. Оның үстіңгі жартысы
майда цилиндр тәрізді, талшықты, микромералар деп аталатын клеткалардан,
ал
төменгісі ірі дәнді, талшықсыз макромералардан тұрады. Губкалардың
осындай құрылысты бластуласын - амфибластула деп атайды (32-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: