II губканың әр түрлі спикулдары: А - бір осьті; Б - үш осьті; В - төрт осьті; Г - көп осьті; Д
- күрделі үш осьті спикула; Е - қисық осьті спикула
бұлар толық дифференцияланбай резервтегі клеткалар болып саналады,
жоғарыда атап кеткен клеткаларға оңай айнала алады, сонымен қатар жыныс
клеткаларға да бастама береді.
Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде губкалардың
клеткаларының біріне-бірі айналатындығы анықталған. Мысалы, хоаноцит
клеткалары талшығын
жойып амебоциттерге айналады, ал өз кезегінде
амебоциттер хоаноциттерге айнала алады. Бұның барлығы губкалар
құрылысының қарапайым екендігін көрсетеді.
Губкаларда регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған.
Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына,
талшықты жағалы
(хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы клеткалар арқылы қорегін
ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық құрылысы жағынан -
аскон, сикон, лейкон
деп аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайым
құрылысты - аскон. Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы
клеткалары бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап
жатады (29-сурет). Денедегі саңылаулары (поралары) тікелей парагастраль
қуысына ашылады. Осы қуысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды
талшықты жағалы клеткалары толығымен ұстап ала алмайды.
Сикон құрылысты
губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты
мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткаларымен астарланған
көптеген қалталар түзіледі. Осы қалталарды талшықты қалталар деп атайды
(29,Б-сурет).
Күрделіленген лейконнында мезоглея қабаты әлдеқайда қалыңдап,
оның ішінде талшықты жағалы клеткалармен астарланған көптеген бірінші,
екінші реттік камералар орналасады (29,В-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: