Оқулық З. Е.Қабылдинов, М. Д. Шаймерденова, Е. М. Куркеев. Сабақ тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі18,89 Kb.
#89465
түріОқулық
Байланысты:
Қазақстан тарихы 1.10.2020
Қазақстан тарихы 1.10.2020, Қазақстан тарихы 1.10.2020


Оқушыға берілетін тапсырма:

Пәні

Қазақстан тарихы

Мұғалімнің аты-жөні

Асылканова Гульнур Капоровна

Күні

01.10.20

Оқулық

З.Е.Қабылдинов, М.Д.Шаймерденова, Е.М.Куркеев.

Сабақ тақырыбы

1917 жылы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.

Мақсаты

8.3.1.2. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси процестерге баға беру.



1.Тапсырма. Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Қазақ халқы мен басқа да отар халықтарға Ақпан революциясы қалай әсер етті?
Орындалуы: Ақпан төнкерілісі қазақтар үшін өте маңызды болды. Ол оларды патша өкіметінін зорлық-зомбылығынан құтылып, өзімізді өзіміз басқарсақ екен деген үміт берді.


2. Ақпан революциясына алғышарт болған жайттарды атаңдар.
Орындалуы: Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ.


3. Ақпан революциясының Қазакстан үшін тарихи маңызы
Ақпан революциясы өлке тұрғындары сана-сезімінің өсуінде аса зор маңызға ие болды. Қазақ халқының да ұлттық сана-сезімі жаңғырып, қоғамдық ұйымдар құра бастады. Екінші орыс революциясы 1917 жылы қазақтарға ұлттық партиясы «Алашты» құруға мүмкіндік берді. Қазақтар Ақпан ревоюциясын қуана қарсы алғанымен, ол қазақ халқының аса мұқтаж мәселелерін шеше алмады. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды.
2. Тапсырма. 32 беттегі тест тапсырмаларын орында.
1. Ә) Самодержавие құлатылды
2. В) Ташкент
3. А) 1917 жылы көктемде

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет