Кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
(1 мин)
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен психалогиялық ахуал жүргізу
Балалар «пицца»әзірлеу тәсілін көрсетіп, қонақтарға ұсынады
|
Мұғаліммен бірге іс әрекет жасап қайталайды
Дөңгеленіп тұрып, іс-әрекеттер жасайды.
|
|
Проектор
|
Білу
(5 мин)
|
1. Үй жұмысын тексеру Мұғалім. Н.Жанаев
2.Жаңа тақырыпты меңгеру дайындық ретінде оқушыларға
3. «Ойлан, тап» ойыны ұсынылады.
Мақсаты: бір оқушыға «отбасы» деп жазылған стикерді маңдайына жапсырып қоямын.
4. Топтарға бөліну кәмпит арқылы
5. Топ басшысын сайлау
Топ басшысының партасының астына стикер жапсырып қою. Кім стикерді табады, сол топ басшысы болады.
6.Тайм кипер сайлап алу
. Миға шабуыл
1 - тапсырма
Постермен жұмыс
1 - топ Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2 - топ Отбасындағы «бала тәрбиесі» дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесін салыстыр.
|
Өлеңді жатқа айтады.
Қалған балалар сол сөзді нақты айтпай, басқа сөздермен айтады. Ал стикер жапсырылған бала сол сөзді тауып алу керек.
Оқушылар топқа бөлінеді,топтарын таныстырады.
Топ басшысының міндеті тобындағы әр оқушыны бақылап, әр тапсырманы + - белгілерімен белгілеу. Кім көп + алса жақсы баға алады, - алса жаман баға алады. Сабақты ең бірінші топ басшысы бағалайды, содан кейін мен бағалаймын.
Тайм кипердің міндеті бізге уақыт белгілеп, уақытты үнемдеуге үйрету
Постерді дайындайды, қорғайды
Топ басшылары топтарын белгілеп отырады.
|
Ауызша мадақтау
|
Презента
ция
Ватман қағазы
|
Түсіну
(15 мин)
|
ІІ. Мағынаны тану:
- Ендеше біз бүгін сендермен Алтай Аманжоловтың «Әке тәлімі» мәтінімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Алтай Аманжолов - ірі тілші, түрік тілдерінің білгір маманы. Түрік тілінде 200 - ден астам еңбектері бар.
Мәтінге «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасап көрейік.
- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
- Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?
Үш бөлікке бөлінген мәтінді оқиық.
Топ басшылары бір - бірін естіген жоқ. Сондықтан тобы топ басшысына түсіндіреді.
Өздерің топтарыңда шешіңдер, кім ортаға шығып айтатынын. Әр топтан екі бала шығып, бір - бірін қостап тұруға болады.
1 - бөліктен қандай сабақ алдық? ой түйіндеу
2 - бөліктен қандай сабақ алдық?
3 - бөліктен қандай сабақ алдық?
|
Проектор арқылы презентация көрсету
Оқушылар ой бөліседі.
Мәтінді оқып,танысады. 1 - топ 1 - 3 азат жолды оқиды
2 - топ 4 - 8 азат жолды оқиды.
3 - топ 9 - 13 азат жолды оқиды.
Жұпта талдайды
Топ басшылары қалған топтарға түсіндіреді
1 - 2, 2 - 3, 3 - 1
|
Ауызша мадақтау
|
|
Сергіту сәті
(2 мин)
|
Сергіту сәті ұсынылады
|
Музыка ырғағымен, билеп, сергіп алады
|
|
проектор
|
Қолдану
(7мин)
|
Ойын:«Саған - маған»
- Өз тілін нашар білген баланы әкесі қалай үйретті?
- Балалар өз ана тілін білмеу себептерін атап бер.
- Алтайдың әкесінен қандай үлгі алар едің?
- Алтайдың әкесі тағы қандай жақсы қасиеттерге тәрбиеледі?
«Тапқыр болсаң тауып көр»
1 - топ
Әке -.........................
Ана -........................
Бала -.......................
( жағасындағы құрақ, бауырындағы бұлақ, асқар тау)
2 - топ
Әдепті бала -...................
Әдепсіз бала -.................
(ата - анасын мақтатар, ата - анасын қақсатар)
3 - топ
Атаңа.....................
Алдыңа....................
( сол келер, не қылсаң )
|
Оқушылар жауап береді
Тапсырманы орындайды
БҮҮ кестесін толтыру
|
Ауызша мадақтау
|
|
Талдау
(5мин)
|
Жеке жұмыс
Ой толғаныс
|
Деңгейлік тапсырмалар
1 - топ «Әке» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.
2 - топ «Мен әкемді мақтан тұтамын» өйткені.......... тақырыбына эссе жазады
3 - топ Әкенің отбасындағы рөлі (асырайды, қамқор, күшті болуға үйретеді, тәрбиелейді)
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
Жинақтау
(4 мин)
|
Әке туралы мақал-мәтел айту, әке әнін орындау ұсынылады
|
Ән айтады
|
Ауызша мадақтау
|
|
Бағалау
(2 мин)
|
Бүгін алған білімдерің келесі сабақта қажет бола ма?
|
Ойларымен бөліседі
Бағалау парағын толтырады
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
Үй жұмысы
(2 мин)
|
25 - 27 бет мазм, әңгімеге жоспар құрып келу
|
Күнделікке жазып алады
|
|
|
Рефлексия
(2 мин)
|
Сабақ ұнады ма?
Не білдіңдер?
Не ұнады?
|
Шынжыр жасайды
|
|
Түрлі түсті қима қағаздар, желім
|
Сабақты талдау
|
Не сәтті өтті
|
|
|
Не сәтсіз өтті
|
|
|
Нені дамыта аласыз?
Нені өзгерткіңіз
келеді?
|
|