Педагогика ғылымының мақсаты, педагогикалық білім ұғымы. Ғылымның мақсаты - ақиқатты табу. Ақиқат деген не деген сұраққа жауапты таным теориясы (гносеология) береді. Нақты ғылым гносеология берген жауапты қабылдай отырып, ғылыми таным әрекетін құрастырады.
Педагогика ғылымы білім беру әлемі туралы ақиқат білімге қол жеткізуге ұмтылуда. Білім – адам санасының жемісі, өнімі. Білім – таным нәтижесі. Таным – бұл білім алу. Ғылымтанушылардың пайымдауынша, білім негізделген тұжырым, тәжірибемен дәлелденген тұжырым. Ғылымда ғылым еместен тек ғылымилық өлшемдері арқылы ғана ажыратуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |