Ғылыми-педагогикалық рационалдық және педагогикалық білімнің ғылымилығының өлшемдері. Ғылым – дамушы институт. Ғылым институтының тарихи өзгерісі аясында ғылыми әрекетке нормативтік және құндылық стандарт беретін ғылымилық өлшемдері де өзгеріске ұшырады. Ғылымның, оның ішінде, педагогика ғылымының дамуында ғылыми-зерттеу әрекеті негіздерінің күрделі өзгерістерге ұшырау кезеңдерін бөліп қарастыруға болады. Бұл жайттың ғылымилық өлшемдерінің бірі болып табылатын педагогикалық зерттеудің нормативтік құрылымдарының түбегейлі өзгеруіне тікелей қатысы бар.
Ғылымның даму тарихында әдетте үш кезеңді атап көрсетеді. Әрбір кезеңде зерттеу нормаларының өз уақытына сәйкес ғылыми қауымдастықтың санасында қалыптасуы мен бекуі алынады. Ғылыми рационалдықтың классикалық типі (ХVІІ ғасыр - ХІХ аяғы); ғылыми рационалдықтың классикалық емес типі (ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ.ортасы); ғылыми рационалдықтың классикалық емес типінен кейінгі типі (ХХ ғ.ортасы – қазіргі уақытқа дейін). Инновациялық қоғам келешегінің Философиясын талдау қоғамдық дамудың жаңа үлгілерін көрсетуде. Философия әрқашан келешекті ойластырып отырған. Философтар қоғамның дамуының идеалды болашағының модельдерін ұсынуда. Модерн дәуірі жобалық парадигманың рөлін күшейтіп отыр. Сондықтан да, жобалар бәсекесі туындайды. XX ғасырда либералдық және коммунистік жобалар үнемі бәсекелесуде болды.
Ғылымның кумулятивтік-эволюциялық- интерналистік тұжырымдамасы
Ғылымның кумулятивке қарсы революциялық-экстерналистік тұжырымдамасы
Ғылым дамуының диалектикалық тұжырымдамасы
(Р. Метрон, К. Менхейм, Дж. Сартон, Р. Татон, Р. Хан, Дж. Рэнделл-кіші және басқалар)
Ғылымдарды жіктеу тұжырымдамасы мен олардағы гуманитарлық білімнің орны
В.С. Казаковцев,
Б.М. Кедров,
В.С. Леднев
Ғылымның бұрмалаушылық тұжырымдамасы (К. Поппер)
позитивизм
Ғылымның парадигмалық тұжырымдамасы (Т. Кун)
Ғылым философиясы саласындағы Ресей ғалымдары әзірлеген ғылыми білімді дамыту тұжырымдамасы
Г.М. Добров,
В.В. Ильин,
Э.Г. Мирской,
А.П. Огурцов,
В.С. Степин,
Б.Г. Юдин және басқалары
постпозитивизм
Зерттеу бағдарламасының тұжырымдамасы (И. Лакатос)
Ғылыми білімді әлеуметтік құрастыру тұжырымдамасы (М. Маклей)
Ғылымды тақырыптық талдау тұжырымдамасы (Дж. Хелтон)
«Эпистомологиялық анархизм» тұжырымдамасы (П. Фейерабенд)
Ғылым философиясы мен әдіснамасы саласындағы Қазақстандық мектеп
(Ж.М. Абдильдин, А.Н. Нысанбаев, К.Х. РАхматуллин, М.З. Изотов, Р.К. Кадыржанов, А.Г. Косиченко, М.Ш. Хасанов, М.С. Сабитов, О.Ж. Әлиев және басқалар)
Анық көрінбейтін білім тұжырымдамасы (М. Полани)
Ғылым дамуының эволюциялық тұжырымдамасы (С. Тулмин)
Ғылым дамуының фазалық ауысуларының тұжырымдамасы (Э. Эзер)
Достарыңызбен бөлісу: |