түсінік хат
Мұғалім сабақ барысында үлгерімі төмен оқушыны анықтап,олардың пәнді меңгеруін,түсінуін есепке алып,диогностика жүргізіп отыруы қажет.Бұл оқушының пәннің қай жерінде олқылығы бар екенін анықтауға көмектеседі.
Үлгермеушіліктің себептері:
Пән оқушыға қиындық туғызады;
Жаңа тақырыпты бекіту жұмысының аздығы;
Оқулықтағы мағлұматты түсінбейді;
Үй тапсырмасын үнемі орындамайды;
Оқулықпен жұмыс істеуді білмейді.
Сабаққа зейін қоя алмайды.
Үйде қадағаланбайды.
Сабақтан көп қалады
Мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыдан тісті деңгейде талап етпеуі;
Бағалаудың әділ болмауы;
Оқушының сабақтан жиі қалуы;
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс мақсаты:
Қазақ тілі,әдебиететтік оқу,математика пәндері бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту; жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.
Міндеттері:
жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар орындату;
оқушылардың сабақтан себепсіз қалмауын қадағалау;
сөздік қорын көбейту;
өз бетінше тапсырманы орындауға ықпал ету;
пәнге қызығушылығын артыруға арналған тапсырмалар орындату;
жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;
үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық - педагогикалық көмек көрсету.
үлгерімі төмен балалармен атқаратын жұмыс түрлері:
санды,әріпті көшіріп жазу жұмыстары;
тестілер,өзгертілген тапсырмалар;
перфо-карточкалар,суретті карточкалар;
деңгейлік,шығармашылық тапсырмалар.
үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:
оқушыға тосын сұрақ бермеу,бірден жауапты талап етпеу,ойланып,дайындалуға уақыт беру;
жаңа тақырыпты бірден сұрамай,үйде дайындалып келуге уақыт беру;
оқушы жауап беріп жатқанда оған көңіл бөліп,көмектесу қажет;
көлемі үлкен тапсырмаларды,қысқартып беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |