Шар тәрізді буындар. Ең қозғалмалы деп есептелінеді. Олар сансыз айналу өсті. Өстер сүйек басының ортасынан өтеді. Бұл өстердің арасынан үш өзара перпендикулярлы: көлденең, алғыартқы және тік немесе вертикальды өстер кіреді. Шар тәрізді буындарға иық буыны жатады
Элипс тәрізді буындар. Екі айналу өсті (көлденең және алғы-артқы өстері). Бұл буындарда иілу-жазылу, жан-жаққа бұрылу және айналма қозғалыс болуы мүмкін. Элипс тәрізді буындарға білезік буынын жатқызуға болады.
Блок және цилиндр тәрізді буындарды бір өсті буындар қатарына жатқызады. Блок тәрізді буындар саусақтардың бақай аралықтарында кездеседі. Олардың бір фронталь айналуларының өсі бар. Бұл өсь арқылы иілу-жазылу қозғалыстары өтеді. Цилиндр тәрізді буындардың сүйектерінің буын беттері цилиндр бөлігіне ұқсас келеді. Бұл буындарда тік өсь айналымында бұрылыс қозғалысы болуы мүмкін. Мысал ретінде тоқпан жілік, шынтақ буынын келтіруге болады. Жалпақ буындар үлкен радиусты домалақ немесе шамалы қисықтықты буын беттерімен сипатталады. Бұл буындардың қозғалысы шамалы. Тек қана мүшеленген беттер өзара әр түрлі бағытта жылжуы немесе сырғанауы мүмкін. Мысал ретінде білезік немесе толарсақтың көлденең буындарын келтіруге болады.
Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.
Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады.
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді. Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген.
Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.
Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан о с т е о н деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады.
Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: (тығыз және кемік заттар.)
* Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де (грек- диафизис – жілік сүйектің ортасы).
* Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады Т ұ л ғ а О м ы р т қ а ж о т а с ы – бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бірбірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.
Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады.
І-ші мойын омыртқасы – атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады.
ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағыңдағы буын беті арқылы
Ш-ші мойын омыртқасымен жалғасады.
Соңғы УІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек омыртқаларының ерекшелігі — денесінің аддыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына айналады
Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын л о р д о з ы (00,, лат. лордоз – алға қисаю, иілу), 6 айдан кейін отыра бастағаңда кеуде және сегізкөз к и ф о з д а р ы (лат. кифоз — артқа қарай иілу, қисаю), 1 жасқа жақыңдап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады.