Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшіндұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет.Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай білуге,практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады.Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Сабақ беру үрдісінде оқушыны шығармашылыққа баулудың маңызы ерекше.Шығармашылық- өздігінен еңбектенудің,ізденудің жолы.Әр тақырып бойынша жүргізген жұмыс нәтижесі оқушының тиянақты ойлай,сөзді нақты жеткізе білуге үйретеді.Шығармашылық жұмыстың алуан түрлері бар.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
Мәтінбойыншамақалқұрастыру.
Табиғат құбылыстарына, заттарғажәнежекесуреттергеқарапжұмбақ құрастырту.
Әңгімелердісалыстыру, бөліктергебөлу.
Шығарма, мәтін, ертегіқұрастыру. (тақырыпбойынша, жоспарбойынша, тірек сөздер арқылы)
Өлең, мақалдар құрастыру.
Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
Кейіпкергемінездеме беру.
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.
Рөлге бөліп оқыту.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу
Диалог-ертегі.
Образға кіру
Мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді.Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс. Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып ,оқыту әдісін, жаттықтыру жұмысын, қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе, өзі көздеген мақсатына жетеді.
Қазіргі мұғалім: Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек.
Қазіргі оқушы: Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты:
Өз алдына мақсат қоя білуі керек.
Ол үшін: 1. Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
3. Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру керек және жеке тұлғалық құзырлылықты дамыту жолында шығармашылықпен жұмыс жасау қажет.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп заманымыздың заңғар жазушысы М.О. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жасөспірімдердің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына тікелей байланысты. Біз білім беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен ұстаз тұлғасына, олардың өмірі мен қызыметіне деген көзқарастар өзгерістерге ұшырап отырған кезеңде өмір сүрудеміз. Осындай кезеңде мектептегі барлық істі атқарушы басты тұлға мұғалім екені даусыз. Сондықтан да қиында қызықты еңбектерінізге шығармашылық табыс тілеймін.
Қолданылған әдебиеттер: Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2004 ж.