Оқушыға арналған тапсырманы орындау бойынша нұсқаулықтар Нұсқаулық: бағыт парағы электронды түрде толтырылып, мұғалімге «Күнделік»
Дата 01.05.2020 өлшемі 18,83 Kb. #65289 түрі Оқулық
Байланысты:
1 сабақ
Оқушыға арналған тапсырманы орындау бойынша нұсқаулықтар
Нұсқаулық: бағыт парағы электронды түрде толтырылып, мұғалімге «Күнделік» жүйесі немесе кез келген қол жетімді мессенджер арқылы тексеру үшін жіберілуі мүмкін. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, тапсырмалар дәптерде орындалады, суретке түсіріліп, қол жетімді мессенджер арқылы тексеру үшін мұғалімге жіберіледі.
Пәні
Қазақ әдебиеті
Мұғалімнің аты-жөні
Букбаева А.Б.
WhatsApp
87056239155
Оқулық
Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: «Мектеп» баспасы,2017. Керімбекова Б.,Қуанышбаева Ә
Сабақ №2, 3
сабақ тақырыбы
Ұрпақ тәрбиесі. Баллада. Диалог. Лирикалық кейіпкер. Мұхтар Шаханов/ Нарынқұм зауалы. Әке үкімі
Оқу мақсаты
(қысқаша)
7.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау ;
7.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс , риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
7.1.4.1 - көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту;
7.2.1.1 - шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.
Оқушының аты-жөні
(оқушы толтырады)
Іс-әрекет реті
Ресурстар
(мұғалім толтырады)
Орындалуы
(оқушы толтырады)
Оқы
Хрестоматиядан 172- беттегі «Әке үкімі» бөлімін оқып шық.
http://kitap.kz/reader/bota_narinkumz
Жауап бер
Поэмадағы лирикалық кейіпкер кім?
Орында
«Сәйкестендіру кестесі» арқылы поэма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
О/басталуы
Сұлтан тыңшыларының батырды қапыда өлтіріп, басын алуы
О/дамуы
Әкенің үкім шығарып, баласын жазалауы
О/шиеленісуі
Батырдың басы үшін қымбат сый алған жігіттің
әкесіне келіп мақтануы.
Шарыктау шегі
Махамбеттің өзінің өлерін күні бұрын сезуі
Шешімі
Әкесінің ашуға мінуі.
Бағалау критерийі:
- Поэманың мазмұнын түсінеді;
- Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін анықтайды
Поэмадан көркемдегіш құралдарды (ассонанс, аллитерация, метафора, эпитет, анафора, эпифора, риторикалық сұрауды) тап. Мысал келтір
Рефлексия
Мен бүгін ... білдім
Мен енді ... білемін
Үйге тапсырма
Поэмаға сатылай кешенді талдау жаса
Мұғалімнен кері байланыс
(ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)
Достарыңызбен бөлісу: