https://www.youtube.com/watch?v=q2J4ztmBpKs&t=6s «Kundelik.kz» сайтындағы презентациялық материал
Оқулық беттері: Оқулықтан теориялық материалды оқыңыз §5 22-24бет.
Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
Химия пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: №14
Сабақтың тақырыбы: Ароматты және гетероциклді қосылыстар бөлімі бойынша сандық есептер шығару.
Мақсаты (оқушыға бағытталған):
Оқу мақсаттары 11.4.2.1 – Ароматты және гетероциклді қосылыстар бөлімі бойынша сандық есептер шығару.
Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:
Ароматты және гетероциклді қосылыстар бөлімі бойынша сандық есептер шығаруды біледі.
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.
Ароматты және гетероциклді қосылыстар бөлімі бойынша сандық есептер шығару туралы видeоны көріңіздер https://www.youtube.com/watch?v=ZcZwVXv8ZpE https://www.youtube.com/watch?v=c5O3hx8MMU4
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1. Гетероциклді қосылыстар қалай жіктеледі?
2. Гетероциклді қосылыстардың қолданылуы, олардың алу әдістері.
3. Бес және алты мүшелі гетероциклді қосылыстарға тән химиялық реакциялар, мысал келтіру керек.
4. Фуранға сутегі және галоген қосылу реакциясының теңдеуін жазу керек.
5. Фуранның, тиофеннің және пирролдың алмасу (галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, ацилдеу) реакцияларының теңдеулерін жазу керек.
6. Фуран, тиофен, пиррол атомдарындағы гетероатомдардың алмастыру реакцияларының (фуран + Н2S → тиофенге; тиофен + NH3 → пиррол;
пиррол + Н2О → фуран) теңдеулерін жазу керек.
7. Пиницилин, пиперидин, аминопиридиннің қолданылуы.
8. Не себепті гетероциклді қосылыс деп аталады?
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
Достарыңызбен бөлісу: |