Оқушыға бағытталған : Оқу мақсаттары


https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/aldegidter-men-ketondar-qurylysy-zhane-nomenklaturasy



бет27/49
Дата31.01.2022
өлшемі11,65 Mb.
#116698
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
хим каз-11 ЕМН (2)

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/aldegidter-men-ketondar-qurylysy-zhane-nomenklaturasy

«Kundelik.kz» сайтындағы презентациялық материал


Оқулық беттері: Оқулықтан теориялық материалды оқыңыз §6 26-28бет.

 

    1. Альдегидтер мен кетондардың изомериясы, номенклатурасы, мысалдар келтіру керек.




    1. Мына заттардың структуралық формуласын құру керек: 2-хлорпентаналь; 2-метилпропаналь; бензальдегид; 2-пентанон; метилфенилкетон.

Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.



Химия пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: №17

Сабақтың тақырыбы: Альдегидтер және кетондардың алынуы.



Мақсаты (оқушыға бағытталған):

Оқу мақсаттары 11.4.2.3 альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:

Альдегидтер және кетондардың алу әдістерін біледі.



Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.



Альдегидтер және кетондардың алынуы туралы видeоны көріңіздер https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/aldegidter-men-ketondar-fizikalyq-qasietteri-qoldanyluy-zhane-alynuy

Альдегидтер мен кетондарды алудың бірнеше ортақ әдістері бар.


1. Спирттерді тотықтырып не каталитикалық дегидрлеп: біріншілік спирттерден альдегидтерді, екіншілік спирттерден кетондарды алады. Бұл реакциялар спирттер тақырыбында қаралған.

2. Қышқылдардың не олардың қоспаларының буларын кей металдар оксидтері (ThO2, MnO2, CaO, ZnO) үстінен 400-450С температурада жіберіп пиролиз арқылы алады:
RCOOH + HCOOH  RCHO + CO+H2O

2RCOOH RCOR + H2O + CO2


3. Геминальды дигалоген туындыларының гидролизі арқылы: (көмірсутектердің галоген туындылары тақырыбында қарастырылған) екі галоген де шеткі көмертек атомында орналасқан болса, альдегид түзіледі, ал ортадағы көміртек атомында болса – кетондар түзіледі:


Ацетилен және оның гомологтарын гидратациялағанда (сынап(ІІ) тұздары қатысында сірке альдегиді (Кучеров реакциясы) және кетондар түзіледі:

5. Техникада альдегидтерді СО және Нолефиндерге тура қосып алады (оксосинтез), қысым(100-200атм) кобальт не никель катализаторы қатысында
6. Карбон қышқылдары тұздарының термиялық айрылуы реакциясы. Құмырсқа және басқа карбон қышқылдары тұздарының қоспасын термиялық айырғанда альдегидтер алынса, ал басқа қоспалардан кетондар түзіледі:

Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет