ОҚушылар мен ата-аналарға арналған нұСҚаулық



бет3/3
Дата06.07.2018
өлшемі6,85 Mb.
#47849
1   2   3

«ҚҰРМЕТТІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТТАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН АТА-АНАЛАРЫ! мЕН СІЗДЕРГЕ а.с.макаренкоНЫҢ : «бАРЛЫҒЫ: АДАМДАР, ЗАТТАР, ҚҰБЫЛЫСТАР ТӘРБИЕЛЕЙДі, БІРАҚ БАРЛЫҒЫНАН БҰРЫН ЖӘНЕ БӘРІНЕН ҰЗАҚ ТӘРБИЕ БЕРЕТІН – АДАМ, СОНЫҢ ІШІНДЕ БІРІНШІ ОРЫНДА –АТА-АНАЛАР МЕн ПЕДАГОГТАР» ДЕГЕН СӨЗІН МЫСАЛҒА КЕЛТІРЕ ОТЫРЫП, ОСЫНЫ ҰМЫТПАУҒА ШАҚЫРАМЫН.»



Құрметпен, ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» «Көкшетау қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының директоры З.Уразбекова


МИССИЯ

АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ, ӨЗ ЕЛІНІҢ ШЫНАЙЫ ПАТРИОТЫ БОЛАТЫН АЗАМАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ҚОЛАЙЛЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ.



пайым

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР – ҮШ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН, СЫНИ ОЙЛАЙ АЛАТЫН, ТУҒАН ӨЛКЕСІНІҢ ТАРИХЫН БІЛЕТІН, ӨМІР БОЙЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУҒА ҚАБІЛЕТТІ ӘЛЕМ АЗАМАТТАРЫ.



МЕКТЕП ТУРАЛЫ

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылдың 1-қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Мектеп мониторинг, зерттеу, анализ, апробация жасайтын, деңгейлер (бастауыш, негізгі және жоғары мектеп) бойынша Кіріктірілген бағдарламаларды енгізу және іске асыру бойынша эксперименттік алаң болып табылады. Мектептің міндеті – 21-ғасырдың дағдыларын игерген, өмір бойы үздіксіз білім алуға дайын құзіретті тұлғаны қалыптастыру.


Зияткерлік мектептерге мұғалімдерді қабылдау тестілеу, эссе жазу, портфолио көрсету, әңгімелесуді қамтитын конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асады.

2016 жылдың 1 қыркүйегіндегі мектептің академиялық құрамы:

барлығы 126 қазақстандық және 8 халықаралық мұғалім.

Қазақстандық мұғалімдерден:

- мектеп мұғалімдерінің 26% мұғалім-эксперт;

- 38%-ы мұғалім-модератор;

- 31%-ы мұғалім;

- 6%-ы мұғалім-стажер біліктілік дәрежелеріне ие. Мектеп мұғалімдерінің 98%-ы деңгейлік курстардан өткен. Олардың ішінен 4% - бірінші деңгей, 21% - екінші деңгей, 73% - үшінші деңгейді тәмамдаған.
Мұғалімдердің жас шамасы: 30 жасқа дейін - 24%, 31 жастан 40 жасқа дейін – 24,5%, 41-ден 50 жасқа дейін – 27%, 51-ден 58 жасқа дейін – 24,5%.

Мұғалімдердің жас шамасы: 30 жасқа дейін - 17%, 31 жастан 40 жасқа дейін – 24%, 41-ден 50 жасқа дейін – 33%, 51-ден 58 жасқа дейін – 26%.

1 мұғалімге орташа есеппен 5 оқушыдан келеді.
Мектеп оқушыларының құрамы да Зияткерлік мектептің білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға қабілетті балаларды конкурстық іріктеу нәтижесінде қалыптасады.

2014 жылдан бастап оқушыларды 7-сыныпқа конкурстық іріктеу CITO (Нидерланды) институты мен CTY (АҚШ) Джон Хопкинс Университеті бірлесе дайындаған жаңа жүйе негізінде өткізіледі. Жүйе жаратылыстану-математикалық ғылымдарды меңгеруге қабілетті балаларды іріктеуге бағытталып, математикадан - оқушылардың суреттер, графиктер, диаграммалар секілді тұтас емес мәтіндермен жұмыс жасау қабілетін бағалау арқылы, тілдік пәндерден - тұтас мәтіндермен жұмыс жасау кезіндегі оқушылардың тілдік қабілеттерін бағалау арқылы функционалдық сауаттылығын тексеруге қатысты тапсырмаларды қамтиды.

Мектеп оқушыларға оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша білім беру қызметтерін күндізгі оқу формасы түрінде ұсынады. Ал 1-4 сынып оқушыларының заңды өкілдері тек таңғы ас, кешенді түскі ас және бесін асты қамтитын тамақтың құнын төлейді. 7-сыныптан бастап оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау мен грант көлемі бойынша Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру гранты негізінде білім алады.

Барлық оқушылар саны - 703. Олардың ішінде - 323 ұл бала, 380 қыз бала, ұлт саны - 15. Осы уақытта мектепте оқушылар 1-4, 7-11 сыныптарда оқиды (12-сынып жоқ). 34 сынып-комплект: тілдік ортаға ену сыныптары - 4, оқыту қазақ тілінде жүретін сыныптар саны - 18, оқыту орыс тілінде жүретін сыныптар саны - 12. Әр сыныптағы оқушы саны 24-тен аспайды.

Физика, химия, биология пәндері бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бұл пәндерге зертханашылар ескерілген. Зертханашылар саны - 13.

Ақпараттық-білім беру кеңістігін 5 IT маманы қадағалайды.

Мектепте 69 оқу кабинеті, 2 спорттық зал, 500 орындық мәжіліс залы, 400 орындық асхана, медициналық және стоматологиялық кабинеттер, психологиялық көмек кабинеті, телестудия, изостудия, хореография кабинеті бар.

Мектепте 1000-нан артық арнайы интерактивті және инновациялық жабдық бар:

 оқу кабинеттерінде 68 SmartBoard 680 сенсорлы интерактивті тақта, кітапхана мен мәжіліс залында PDP ITB 63 плазмалық интерактивті тақталар (саны - 2);

 ММК сыныптар мен смарт-сыныптарға (мультимедиялық және ақылды сыныптар) арналған 445 тұрақты жұмыс станциясы, 520 портативті ноутбук, 22 моноблок, 100 планшет;

 робототехника зертханасына арналған арнайы роботталған жабдықтың 18 жинағы;

 блоктарда сабақ кестесін электронды көрсетуге арналған 13 LCD панель;

 5 мобильді интерактивті LCD панель;

 келушілердің санын есептеуге арналған биометриялық жүйе (1 жинақ);

 мектептің ақпараттық-анықтамалық жүйесінің 3 терминалы;

ЕИОС, ИОС, мектеп порталы, кітапхана сайтын кешенді бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған 4 сервер.

Кітапханада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көркем әдебиет, анықтамалық-энициклопедиялық, ғылыми-танымдық әдебиет бар. Сонымен қатар интерактивті оқу құралдары мен электрондық ресурстар да бар. Кітапхананың жалпы қоры - 43226 кітап. Олардан:

9885 - көркем әдебиет; олардың ішінде 5201 - бастауыш мектепке арналған балалар көркем әдебиеті;

5420 - ғылыми әдебиет;

673 - энциклопедиялық әдебиет;

510 дана электрондық басылым;

19983 - оқулық



6755 - ОӘК
Кітапхана қоры қолданушылар сұраныстарына сәйкес жүйелі түрде толықтырылып отырады. Кітапхана ресурстары оқушылардың жас мөлшеріне сәйкес. Көркем әдебиет қорын толықтыруға ерекше көңіл бөлінеді. Көркем әдебиет қоры классикалық шығармалармен қатар заманауи бестселлерлерді де қамтиды. EBSCO және Twig халықаралық электрондық білім беру ресурстары қолжетімді. Кітапханада компьютерлер мен планшеттер, интерактивті панель бар.

стратегиялық мақсат





  • қазақстандық және халықаралық білім беру стандарттарын үйлестірген физика-математикалық бағыттағы мектептердің инновациялық білім беру моделін жасау және жүзеге асыру;

  • жаратылыстану-математикалық ғылымдарды меңгеруге қабілетті және қабілетімен білім берудің жаңа деңгейіне сәйкес балаларды анықтау және іріктеу;

  • білім берудің жаңа моделіне сәйкес келетін кадрлар әлеуетін қалыптастыру;

  • ғылыми және мәдениетті элитаны тәрбиелеуге ықпалын тигізетін инновациялық білім беру ортасын және жағдайын қалыптастыру;

  • инновациялық білім беру моделін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инновациялық орта ретінде Зияткерлік мектептер жүйесін құру және дамыту;

  • мектепті басқарудың халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа моделін жасау;

  • жинақталған оң тәжірибені Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне тарату.


Мектеп өз қызметінде келесі ұстанымдарды басшылыққа алады:

  • оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, тұтас білім беру жүйесін құрайтын, оқу мен тәрбие үрдісінің бірлігі;

  • білім беру үрдісін ұйымдастырудағы деңгейлеп-саралап оқыту, пәнаралық кіріктіру мен деңгейаралық сабақтастық;

  • мұғалімдер мен оқушылардың конкурстық іріктеуін жүзеге асырудағы объективтілік пен барлығына бірдей жағдай жасау, ашықтық;

  • кәсіби тұрғыда дамуы үшін барлық мұғалімдерге бірдей мүмкіндіктер беретін білім беру моделіне сәйкес мектептің кадрлық саясатын қалыптастыру;

  • басқарушы компаниялардың есеп беруіндегі және мектепті басқару жүйесіндегі ашықтық;

  • мектеп өмірі мен қызметін ұйымдастыруда мектеп қауымдастығының барлық мүшелерін жұмылдыру;

  • мектепте білім беру қызметін коммерциялық емес негізде жүзеге асыру



2016-2017оқу жылындағы мектеп қызметінің

басым бағыттары


  1. Оқу және оқудан тыс қызметті біріктіру арқылы оқушылардың жаһандық азаматтығын қалыптастыру;

  2. Оқу сауаттылығын дамыту және саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын жетілдіру.

  3. Мұғалім көшбасшылығын дамыту;

  4. Ағылшын тілінде жүргізетін бейінді пәндер мұғалімдерінің ағылшын тілінен тілдік құзіреттіліктерін дамыту;

  5. Өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, кураторлар мен қосымша білім беру педагогтарының оқушылармен жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру;

  6. Мектептің миссиясы мен пайымына сәйкес кәсіби бағдар беру жұмыстарын нығайту;

  7. 1,7-сынып оқушыларының контингентін қалыптастыру;

  8. Оқушының жеке дамуы үшін жағдай жасау;

  9. Ата-аналармен әлеуметтік серіктестіктің жаңа формаларын енгізу;

  10. Салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

  11. Төтенше жағдайлардағы оқушылардың жарақаттануының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.


оқу қызметін ұйымдастыру


    1. оқу жылындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру үрдісі мына негізде жүзеге асырылады:

  1. 2013 жылдың 29 тамызындағы (№ 48 хаттамасы) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Кіріктірілген білім беру бағдарламасы;

  1. 2012 жылдың 16 тамызындағы (№33 хаттамасы) «Назарбаев Зияткерлік мектептері», дербес білім беру ұйымдары Басқармасының шешімімен бекітілгенБілім беру Ережесі (2013 жылдың 28 маусымындағы (№ 34 хаттамасы),2013 жылдың 4 қарашасындағы №57, 2014 жылдың 28 тамызындағы (№ 40 хаттамасы), 2014 жылдың 3 қарашасындағы (№52 хаттамасы), 2015 жылдың 20 мамырындағы (№22 хаттамасы) дербес білім беру ұйымдары Басқармасының шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  1. 2015 жылдың 5 тамызында ДББҰ Әдістемелік кеңесінде бекітілген 2015-2016 оқу жылындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру үрдісін ұйымдастыру туралы ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» білім беруді ұйымдастырудағы Әдістемелік- нұсқаулық хаттары.

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылдың 30 желтоқсанындағы «Балалар мен жасөспірімдерге білім беретін және тәрбиелейтін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесін бекіту туралы» № 1684 Қаулысы (20. 12. 2013 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

Мектеп өз қызметін келесі білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырады:

• ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» 2013 жылғы 29 тамызында (№ 48 хаттамасы) бекітілген 1-4, 7-10, 12-сыныптарға арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Кіріктірілген білім беру бағдарламасы.

Бастауыш сыныптардың басты міндеті алғашқы оқу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету және пропедевтикалық білім қалыптастыру болып табылады. Бұл сыныптарда қоғам, адам және табиғат туралы, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, ойлау дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ақыл-ойды дамытуға және тұлға ретінде өзін тануға, әлемдегі өз орнын түйсінуге, әрі қарай қоршаған ортаны тануға негіз болатын қажетті оқу біліктері мен дағдыларын меңгеруге жағдай жасалған. 1 «А», 2 «А», 3 «А» және 4 «А» сыныптарында тілді тереңдетіп оқу әдісі жүзеге асырылуда. Оқытудың бұл формасы Қазақстанда бірінші рет эксперимент ретінде - мемлекеттік тілді үздік меңгеру мақсатында енгізіліп отыр. Қазақ тілі тек қазақ тілі сабақтарында ғана емес, басқа да пәндерді оқу барысында оқытылады. Бұл әдістің мақсаты – балалық әуестікті дамыту мен өздерін жақсы сезінулеріне қолдау көрсету.
2016-2017 оқу жылында оқу үрдісі барысында критериалды бағалаудың екі түрі қолданылатын болды:

- 1,4-7 сыныптарда критериалды бағалау;

- 7-11сыныптарда критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі.

Критериалды бағалауды қолдану мынадай құжаттармен реттелген:


  1. Оқушылардың оқу жетістіктерінің сыртқы бағалау моделі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқарма хаттамасымен бекітілген « Назарбаев Зияткерлік мектептері» 2014 жыл 28 тамыз (хаттама № 40);

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерінің критериалды бағалаудың Кіріктірілген моделі Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің басқарма хаттамасымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» 2014 жыл 28 тамыз (хаттама № 40);

  3. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша оқитын сыныптарда оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды ережесі дербес білім беру ұйымы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Басқармасының шешімімен бекітілген. «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» 2015 жыл 27 тамыз («№ 43 хаттама);

  4. 1-4,7-сыныптарда оқшылардың білім жетістіктерін критериалды бағалау Басқармасының шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» 2016 жыл 15 тамыз (№ 39 хаттама);

2016-2017 оқу жылында тоқсандық ішкі жиынтық бағалауды өткізу мерзімі:

1-тоқсан – 14-22 қазан

2-тоқсан – 9-20 желтоқсан

3-тоқсан – 10-18 наурыз

4-тоқсан – 15-24 мамыр

Демалыс кестесі:


  1. 1-11 сыныптарда:

Күзгі - 6 күн (2016 жылдың 24-29 қазанын қоса алғанда);

Қысқы -18 күн (2016 жылдың 22 желтоқсаны мен 2017жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда);

Көктемгі - 6 күн (2017жылдың 20-25 наурызына дейін қоса алғанда)

Жазғы - 2017 жылғы 26 мамыр;



  1. Бірінші сыныптарда қосымша демалыс -7 күн ( 2017 жыл 6-11 ақпан аралығы)

Үй тапсырмасын беру саясаты

Үй тапсырмасын берудің мақсаты-оқушылардың өзін-өзі реттеу, өздігінен білім алу дағдыларын дамыту. Үй тапсырмасының көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай және оқыту мақсаттарын ескере отырып, сараланып беріледі. Үй тапсырмасының саны мазмұнның сапалағына байланысты болады.Үй тапсырамасын орындау барысында оқушылар мұғалімдерден ақыл-кеңес сұрай алады және мектеп ресурстарын (медиатека, ғаламтор желісін) қолжетімді пайдалана алады.



Қауіпсіздік теxникасының ережелерін сақтау


Мектептің оқушылары өрт қауіпсіздігі шараларын білуге және орындауға міндетті, жер сілкінісі кезіндегі оқушылардың мінез-құлқы, xимия, физика, информатика, биология кабинеттерінде оқу жабдықтарын қолдануда, Қазақстан Республикасының ішінде іс-сапарлар барысында және одан тысқары жерлерде қауіпсіздік ережелерін Дербес Білім Беру Ұйымы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" филиалдары сақтаулары тиіс.

Оқушылармен алты бағыт бойынша нұсқаулық жүргізіледі:


- оқу сабақтары;
- еңбек және кәсіби дайындық;
- эксурсиялар, жорықтар;
- спорттық сабақтар және жарыстар;
- үйірмелік сабақтар, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстар.

тәрбие жүйесіндегі жобалар және негізгі іс-шаралар


Мектептің білім беру ортасы келесі жобалар мен негізгі іс-шаралар арқылы оқушылардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін көтеріп, ел өміріне қатысуына мүмкіндік жасайды.

Жобалар

- Қазақстан аймақтарын зерттейтін «Туған елге тағзым» атты өлкетану зерттеу экспедициясы;

- ауыл мектептерінің кітапханаларына көмек ретінде «НЗМ - нен Bookcrossing», «Кітап саяхаты» акциясы;

- мамандыққа бейімдеудің 10 дағдысын қалыптастыруға негіз болатын «10 күн ата-ана жұмысында» атты әлеуметтік тәжірибе;

- тілдік ортаға ену және ауыл тұрмысымен танысу мақсатындағы «2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибе;

- кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатындағы «НЗМ әрбір оқушысы оқуға тиіс 100 кітап» атты жоба;

- оқушылардың рухани мәдениеті мен музыкалық талғамын дамыту, ұлттық музыка мен ұлттық дәстүрімізді сақтау мақсатындағы «Қазақ әндері», «100 күйдің тарихы» атты жобалар;

- оқушының көпшілік алдында қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеу дағдысын дамыту мақсатындағы «TED*NIS клуб» жобасы;

- Қазақстанды әлемге баланың көзімен таныту мақсатындағы «Discover Kazakhstan» эссе –байқауы;

- «Wikipedia» клубында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде мақаланы редакциялау, жазу, аудару, ақпаратты іздеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады.

- «Отбасылық оқу» клубы балалық шақтан бастап оқушылардың кітап оқуға танымдық қызығушылығын, уәжін дамытады.

НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАР



Іс-шаралар

Мерзімі

Денсаулық сақтау күні

Қыркүйек

Таланттар шоуы

Қазан

«Еңселі елім менің» патриоттық әндер фестивалі

Қараша

«25 жұлдызды күндер», Қысқы бал

Желтоқсан

Шағын Азиада

Қаңтар

«Толағай» отбасылық спорт сайысы

Ақпан

«Алғыс айту» күні

Наурыз

Достық шеңбері

Сәуір

Жеңіс күні

Мамыр

«Әлеуметтік тәжірибе», жазғы мектеп

Маусым

«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы;

Шілде

«Қоғамға қызмет ету» жобасы

Жыл бойы

Танымал адамдармен «Сыр-сұхбат» кездесу кеші

Жыл бойы


«ШАҢЫРАҚ» оқушылар қауымдастығы

Мектептің құндылықтарын жүзеге асырудың негізгі өзегі, оқушылар қауымдастығы «Шаңырақтың» мақсаты түрлі жастағы, төменгі және жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдердің ынтымақтастық, серіктестік, жауапкершілік, құрмет көрсету сезімдерін қалыптастыру болып табылады. «Шаңырақ» қауымдастығында оқушылардың көшбасшылық қасиеттері қалыптасады; ортақ іске деген сезімі туындайды; оқуда бір-біріне көмек және қолдау көрсетеді; түрлі жастағы оқушылар ынтымақтастық арқасында эмоциональды мәселелерін бірлесе шешеді, тәлімгерлікті, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады және ұжымдық шығармашылық істерді өткізеді.



тәрбие жұмыстарының түрлері



Таңғы жиын – туындаған сұрақтар, жаңалықтар мен жоспарларды талқылауға ұйымдастырылған «Шаңырақ» қауымдастығындағы оқушылардың күнделікті қарым-қатынас тәжірибесі.

Куратор сағаты – берілген тақырыпқа ұйымдастырылған және жоспарланған сыныптағы оқушылардың құндылықты қарым-қатынас тәжірибесі. Екі аптада бір рет өткізіледі.

«Шаңырақ» сағаты - «Шаңырақ» қауымдастығындағы жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларына қолдау көрсету және керісінше, шешім қабылдау, идеяны талдау үшін ай сайын ұйымдастырылатын және жоспарланған қарым-қатынас тәжірибесі.

Бірыңғай тәрбие сағаты (жалпы мектептік жиналыстар мен форумдар) қоғамның пікірін білдіруші – көшбасшылармен кездесулер оқушылар конференциялары форматында өтеді.

қосымша білім беру

Қосымша білім беру оқушыларды жан-жақты дамытуға және шығармашылық қабілетін ашуға бағытталған. Кейбір оқу пәндерін тереңдетіп оқыту (элективті курстар) арқылы келесі бағыттарда: қолөнер және экономика, өнер, спорт, техникалық шығармашылық және дизайн сабақтары жүзеге асады.



Үйірмелер, клубтар және секциялар. 1-4 сыныптар үшін

«Қуыршақ театры» және «Puppet Show» қуыршақ театрлары, «Шебер қылқалам» өнер студиясы, «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі, вокальды «Бал-балалық» үйірмесі, сауықтыру сағаттары, «Antre» балалар би студиясы, бағдарлау негіздері, «Күншуақ» би студиясы.



7-12 сыныптар үшін

«Planetino» неміс тілі үйірмесі, «Ментальды арифметика», «Физика өз қолымызбен», «Тәжірибелік физика», «Ойлау дизайны», «Азамат» зияткерлік дебат клубы, «Жас астроном», «Биология тәжірибелері», «Атамекен» тарихи үйірмесі, «MUN Debates», «Global citizens», «Журналистика негіздері», «Robotiсs» робототехника үйірмесі, «3D MAХ қоршаған әлемді моделдеу», «ЕХРО-2017» еріктілер клубы, «Мансап мектебі», «Алтын оймақ», «Мерей» ұлттық –сахналық би студиясы, театр Studio – «Дидар», «Шаттық» фольклорлық ансамблі, «Bravissimo» вокальді хор студиясы, қыш шеберханасы, бейнелеу өнері студиясы, NIS TV, «Wikipedia» клубы, «TEDхNIS» клубы».



Спорттық үйірмелер. Шахматтар, тоғыз-құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, құзға шығу, үстел теннисі, бокс, қысқы спорт түрлері.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРТІБІН БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Оқушылардың тәртібін басқару бағдарламасы екі бөлімнен тұрады. Ішкі тәртіп ережесі және Ынталандыру саясаты.

Ішкі тәртіп ережесі оқушылардың және қызметкерлердің сабақ уақытында және сабақтан тыс уақыттағы тәртіп сақтау нормасын реттейді,мектепте тәртіп сақтау нормасы бұзылығанда туындаған даулы мәселелерді, жанжалдарды шешуге жағдай жасайды, тәртіптік жазалар қолдану шараларын және оқушылардың тәртібін ынталандыру жолдарын қарастырады, мектептегі тәртіп бұзу себептерін анықтайды және жол бермеу жолдарын қарастырады.

Ынталандыру саясатыәр оқушының жетістігі жалпы мектеп қауымдастығында ынталандырылып, мойындалатын ортада оқушыларға өзінің шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, тұлғалық дамуына мүмкіндік беруге бағытталған.

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ
Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасау және анықталған мақсаттарды орындауға көмектесу мақсатында Қамқоршылық кеңесі жұмыс істейді.

Қоғамдық негіздер бастамасында жұмыс істейтін Қамқоршылық кеңесінің міндетіне мектептің дамуының басымдылық бағыттары бойынша ұсыныстар беру, оқушыларға әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға және қоғамдағы әлеуметік жағдайы төмен топтарға көмек ұйымдастыруға жағдай үшін қаржылай көмек көрсету мақсатында демеушілік көмек көрсетеді және әріптестік ресурстарды жұмылдырады.



АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ САЯСАТЫ
Оқушылар академиялық адалдық қағидасын сақтауға, мектеп қауымдастығы мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын білуге, тәртіп бұзу түрлері мен тәртіп бұзылған жағдайда оған қолданатын шараның түрлерін білуге міндетті.
Оқушылар:

1) Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған академиялық адалдық ережесімен танысуға;

2) оқу үрдісінде өз ойын еркін жеткізуге;

3) Ережелердің бұзылуы туралы дәлелсіз айыптаудан қорғануға және дәлелдерін келтіруге құқылы.


Оқушылар:

  1. Ережелермен танысуға және тәртіп бұзған жағдайда қолданылатын шараларды білуге;

  2. бағаланатын және бағаланбайтын жұмыс түрлерін орындаған кезде академиялық адалдықты мүлтіксіз сақтауға;

  3. бөгде адамның сөзін және ойын қолданғанда авторын, шығарма атауын және бетін көрсетуге;

  4. бағаланатын жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімін көрсетуге;

  5. ақпараттың шынайы және сенімді көздерін қолдануға;

  6. бағалау үшін өз қолынан жазған жұмысын басқа оқушыларға бермеуге міндетті.


Ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер:

  1. Ережелермен танысуға және тәртіп бұзған жағдайда қолданылатын шараларды білуге;

  2. балаларға Ережелерді сақтауға көмектесуге және академиялық адалдық қағидаларын мүлтіксіз орындауды үнемі ескертіп отыруға міндетті.


байланыс деректері



Электрондық сайттар

www.nis.edu.kz

www.kt.nis.edu.kz
Банк шотының деректемелері

ДББҰ «Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы Кбе 18

Көкшетау қаласы, Мирзоян көшесі, 59

БСН 090541017876

СТН 032600241234

ЖСК KZ259262201160370001

БСКKZKOKZKX

«Казкоммерцбанк» АҚ

№ 1 Күн тәртібі

№ 2 Мектеп картасы

№ 3 Ішкі телефон нөмірлері


№1 қосымша

Таңғы жиын

Дүйсенбі

800 – 815,

910 – 925


Сейсенбі

800 – 815



Сәрсенбі

800 – 815



Бейсенбі

800 – 815



Жұма

800 – 815



Жалпы мектепішілік саптүзеу

Readingtime

«Бір әннің тарихы»

«100 күйдің тарихы»

Globalfriday

Күн тәртібі



Уақыты

1, 2, 3, 4 сыныптар

Уақыты

7 а,b,c,e

10 c,d,e, сыныптар



Уақыты

7 d, f, 8 а,b,c,d,

9 а,b,c,d,

10 а,b,

11 а,b,c,d,е,f сыныптар



8.15-8.25

Таңғы ас

8.15-8.30

Таңғы ас

8.15-8.25

Саптүзеу (дүйсенбі)

8.30-9.10

1 сабақ

8.30-9.10

1 сабақ

8.30-9.10

1 сабақ

9.10-9.25

Саптүзеу (дүйсенбі)

9.10-9.25

Саптүзеу (дүйсенбі)

9.10-9.25

Таңғы ас

9.25-10.05

2 сабақ

9.25-10.05

2 сабақ

9.25-10.05

2 сабақ

10.10-10.50

3 сабақ

10.10-10.50

3 сабақ

10.10-10.50

3 сабақ

10.55-11.35

4 сабақ

10.55-11.35

4 сабақ

10.55-11.35

4 сабақ

11.45-12.25

5 сабақ

11.45-12.25

5 сабақ

11.45-12.25

5 сабақ

12.25-12.40

Түскі ас

12.30-12.40

Түскі ас

12.25-12.40

7d, f,8 а,b,c,d,

9а,b,c,d,

10а,b,

11а,b,c,d,е,f сынып белсенді уақыт



12.45-13.40

серуендеу

12.45-13.25

6 сабақ

12.45-13.25

6 сабақ

13.25-13.40

7 а,b,c,e

10 c,d,e, сынып белсенді уақыт



13.25-13.40

Түскі ас

13.45-14.25

6 сабақ

13.45-14.25

7 сабақ

13.45-14.25

7 сабақ

14.25-14.40

бесіндік

14.25-14.40

бесіндік

14.25-14.40

үзіліс

14.40-15.20

7 сабақ

14.40-15.20

8 сабақ

14.40-15.20

8 сабақ

15.30-17.00

Үйірмелер, секциялар

15.25-15.35

үзіліс

15.20-15.35

бесіндік







15.35-16.15

9 сабақ

15.35-16.15

9 сабақ







15.40-19.00

Үйірмелер, секциялар

16.20-17.00

10 сабақ














15.40-19.00

Үйірмелер, секциялар


№2 қосымша





3 қосымша

Мектептің ішкі телефон нөмірлері Қосымша №3e

телефон

Қызметі

Аты-жөні, тегі

4300

күзет




4301

директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары

Исмагамбетова Жания Садуовна

4302

директор

Уразбекова Зульфия Кыдыралиевна

4303

бас есепші

есепшілер



Нагуманова Толкын Туленбергеновна

Мухиденова Зауре Хусаиновна

Ахметжанова Асель Кайбереновна


4304

ісжүргізуші - хатшы

мұрағатшы



Мустафинова Айнаш Нуржановна

Кобжасарова Алтын Акылбековна



4305

кәсіби бағдар беру кеңесшісі

Нургасимова Гульжан Елтаевна

4306

директордың сыртқы байланыс жұмысы бойынша орынбасары

Ордабаева Жанар Мергалиевна

4307

директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары

Заитова Розалия Минзарифовна

4308

директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары

Толебаева Алия Байкашевна

4310

Директордың қаржы-шаруашылық

жұмысы бойынша орынбасары




Культемиров Асен Омирович

4311

дәрігер-педиатр

мейірбике

емдәмдік бикесі


Сабдина Меруерт Амантаевна

Айткеева Аида

Ахметжанова Гульжан Токсанбаевна


4312

әдіскер

Мусина Асия Айдархановна

4313

кадр мәселелері жөніндегі инспектор

Садвакасова Асель Казестаевна

4314

ІТ - маманы

Каирбек Азамат Сейлханулы

4315

кезекші куратор

-

4316

педагог – психолог

Абибуллаева Назира Абжановна

Назарова Айнагуль



4317

қосымша білім беру педагогы (мәжіліс залы)

Ибраева Асем Советовна

Ператинская Анастасия Михайловна



4318

директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары

Толеубаева Айгуль Сартаевна

4319

экономисттер

Букаева Айгуль

Жолдасов Жанбатыр Галымжанович



4320

заңгер

сатып алу маманы



Джуматаева Ботагоз Абаевна

Нурумбетов Бекжан Калдарович



4321

аға педагог-кітапханашы

Саламахина Ольга Владимировна

4323

денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Братко Елена Юрьевна

4324

директордың бейімді-эксперименттік жұмысы бойынша орынбасары

Алтынбеков Аян Серикович

4325

педагог-ұйымдастырушы-куратор




4326

шаруашылық меңгерушісі, энергетик

Каконова Роза Толегеновна

Конилашаров Нурлан Кайберенович





Каталог: kokshetau -> portal -> wp-content -> uploads -> 2017
kokshetau -> Өмір қауіпсіздігі негіздері е. А. Батешовтың және З. М. Шаукерованың аудармасы 1 тақырып: табиғат апаты негізі
kokshetau -> Сабақтың тақырыбы: Көкшетау Сабақтың мақсаты
kokshetau -> 1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары
2017 -> МҰҒалімдерге арналған нұСҚаулық
kokshetau -> АҚмола облысы архивтер мен қҰжаттамалар басқармасының «КӨкшетау қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдык мемлекеттік мекемесі
kokshetau -> Поэмасы. С. Сейфуллиннің «Көкшетау» және Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет