2. Ата-ана немесе заңды өкіл міндетінде:
(Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 «Бiлiм туралы Заңы» 49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкiлдердiң құқықтары мен мiндеттерi)
Балалар үшін өмір сүру және оқу үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасау, олардың зияткерлік және физикалық күш-жігерін, адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;
Оқушы туралы қажетті мәліметтерді уақытында тапсыру (туу туралы куәлік, жеке куәлік, тұрғылықты жері мен тіркеуде тұрған орны туралы, ЖСН, отбасы туралы, ПМПК анықтамалары);
Сабақтан қалған күндерін растайтын құжаттарды тапсыру (анықтамалар, басқада растайтын құжаттар);
Білім беру ұйымының белгілі бір ережелері мен мектепішілік ережелерді орындау;
Білім беру мекемесінің тәртібін сақтау және оқушының сабаққа қатысымын қадағалау;
Оқу мекемесіндегі дәстүрді, ұйым қызметкерлерінің қадір-қасиетін құрметтеу;
Уәкілетті орган белгілеген мектеп формасына міндеттелген талаптарды орындау, ешқандай діни киім элементін кимеу,қоспау;
Мектеп формасының киімін сақтау (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»)
Бастауыш класс оқушылары үшін мектеп формасы:
Ер балалар: пиджак және жилет, шалбар кең балақты (ұзын тобық жабулы), ақ,көк жейде, бас киімсіз (дәрігердің ұсынысын қоспағанда), ауыстыратын екінші аяқ киім.
Қыз балалар:мектеп пиджагы, сарафаны немесе жилет, тізеге дейін белдемше, классикалық үлгідегі ақ кофта, классикалық үлгідегі белдемше ақ бантик, бас киімсіз, ауыстыратын екінші аяқ киім.
Орта буын оқушылары үшін:
Ер балалар: пиджак және жилет, шалбар кең балақты (ұзын тобық жабулы), ақ,көк жейде,бас киімсіз (дәрігердің ұсынысын қоспағанда), ауыстыратын екінші аяқ киім.
Қыз балалар:мектеп пиджагы,сарафаны немесе жилет, тізеге дейін белдемше, классикалық үлгідегі ақ кофта, классикалық үлгідегі шалбар,ақ бантик, бас киімсіз, ауыстыратын екінші аяқ киім. «Жасұлан» балалар ұйымының мүшелері үшін міндетті түрде галстук (көк түсті) тағу. «Жасұлан» Республикалық балалар ұйымының төсбелгісін тағу.
Достарыңызбен бөлісу: |