Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп



бет2/5
Дата04.07.2018
өлшемі2,39 Mb.
#47097
1   2   3   4   5


Дәстүрлі сабақта оқушылар сабаққа жеке дара дайындалып, өздерін еркін сезіне алмайтын жағдайда болса, топтық жұмыста, ұжымдасып жұмыс жасағанда, өз ойларын еркін айтып, сабақ материалдарын өз беттерімен ізденуге ұмтылыс жасайтынын сабақтарымнан байқай бастадым.

Осы сабақтағы оқушылардың көңіл–күйін, сабақты қаншалықты деңгейде меңгергендігін, тапсырманы орындау барысында ненің оңай, ненің қиын болғандығын білу мақсатында кері байланыс ұйымдастырдым. Кері байланысқа «Күту ағашын» пайдаландым. Тақтаның алдына шыршаны қойып, оны не үшін қойғанымды балаларға түсіндірдім. «Балалар мен сендердің сабаққа қалай қатысқандарыңды, қалай тапсырма орындағандарыңды, көңіл – күйлеріңнің қандай болғандығын, сендерге қандай көмек керек екендігін осы шыршаға жазып ілгендеріңнен біліп отырамын. Мен содан кейін сендермен келесі сабақта қандай жұмыс жасау керектігін жоспарлап, сол бойынша жұмыс жасаймын. Сондықтан да әрқайсысың бүгінгі сабақтан не күтетіндеріңді жазып ағашқа іліңдер. Ал сабақтың соңында сол жазғандарың бойынша осы сабақтан жауап таба алдыңдар ма, сабақ барысы бойынша ненің ұнағанын, ненің ұнамағанын, түсініксіз болған нәрселер туралы жазып ілесіңдер» дегенді айттым. Оқушылардың барлығы да өз ойларын жазып шыршаға ілді. Бұл жерден байқағаным бұрын бұндай кері байланыс жасап көрмеген оқушыларға стикерге не жазу керектігі қиындау болды.



Үй тапсырмасын «Шар ішіндегі сұрақ» әдісімен тексердім. Шардың ішіне біреуі өткен тақырыпқа байланысты оқулық бойына сұрақ болса, екіншісі сыни тұрғыдан ойлануға арналған ашық сұрақ дайындап салдым. Екі түрлі сұрақ дайындаудағы мақсатым, тақырып бойынша алған білімдерін сыни тұрғыдан ойландыра отырып өмірмен байланыс жасату еді.

Информатика сабағында көбіне тәжірибе жүзінде компьютермен жұмыс жасайтын болғандықтан бұрындары диалогқа көп көңіл бөлінбейтін. Куста мен оқушының бір– бірімен, топпен, оқушы – мұғалім арасындағы талқылаудардан 50% білімді меңгеретіндіктерін оқып білгеннен кейін ғана көңіл бөле бастадым. Сол үшін мен сыныпта Чиксентмихайдың «өзіндік мақсаты» мен Райан мен Декидің «ішкі уәж» деп аталатын қасиетерінің болуына басты назар аудара бастадым.



Мен осы пiкiргe сүйене отырып, оқушыларға топпен жұмыс жасап талқылауға 5 минут уақыт бердім. Топта жұмыс өте қарқынды жүрді, ашық сұрақтар бойынша бір – бірінің пікірін, идеяларын тыңдап, қорытынды жасай алды. Ашық сұрақтар бойынша балалардың жауаптарына тоқтала кетейін.

Бірінші топтан топ жетекшісі Гүлшад жауап берді. Сұрағы: «Сенің ойыңдағы мәтіндік бағдарламаның Word- тан қандай артықшылығы болар еді деп ойлайсың?». Біздің ойымызша біздің топтың бағдарламасының артықшылығы қатені өзі тексеретін, оқып немесе ауызша айтып отырғанда өзі мәтін ретінде қабылдайтын, телефондарда да қолдануға болатындай, қолдануға тиімді болар еді. Мен бұл жерде Гүлшадтың жауабынан сыни түрғыдан ойлануға үйрене бастағанын түсіндім.


Каталог: uploads -> doc -> 0e4f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e4f -> Тақырыбы: «Ана тілің –арың бұл » Мақсаты
0e4f -> «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» мм


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет