Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп



бет5/5
Дата04.07.2018
өлшемі2,39 Mb.
#47097
1   2   3   4   5


8-Ж сыныбында да сабақты жақсы оқитын, компьютерлік бағдарламалардың көбін өз бетімен меңгерген, логикалық ойлау қабілеттері де жоғары оқушылар бар. Оларды атап айтатын болсам Гүлшад, Ғабит деген оқушылар. Осы оқушылар жайында алдыңғы тапсырмаларды орындау барысында да жазған болатынмын. Олар осы берілген тапсырма бойынша да POWER POINT бағдарламасында ғаламторды пайдалана отырып өте тамаша жұмыстар жасады. Мен бұл оқушыларды сандық технологияларды сауатты меңгеріп, оны кез – келген жерде қолдана білетіндіктен мен оларды информатика пәніне қабілеті жоғары дарынды оқушылардың қатарына қосамын.

Ал орташа оқитын оқушылар Word программасындағы объектілерді, автофигураларды пайдалана отырып жұмыс жасаса, үлгерімі төмен оқушылар ЖАДА көмегін пайдалана отырып жұмыс жасады.

Бағалау оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болып екіге бөлінеді. Оқыту үшін бағалау оқушының оқу нәтижесін анықтау, сабақ бойынша материалды меңгеруге ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылардың барлық іс –әрекеті бойынша білім - білік деңгейі, ойлау қабілеті, түсінігі, қабылдауы бағаланса, оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемін суммативті бағалау немесе жиынтық бағалау болып табылады екен. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өзін – өзі бағалауды, бірі – бірі бағалауды, дайын критерийлар арқылы бағалауды, кері байланыс жасауды меңгере отырып, өздерінің білімдерінің қай деңгейде екендігін анықтады.

Бүгінгі сабақты оқушылардың калай меңгергендігін және де өзінің кай деңгейде екендігін, нені түсініп, нені түсінбегенін шынайы түрде бағалай білуді үйрету үшін, оқушыларға өздерін- өздері бағалауды ұсындым. Оқушылар әр тапсырманы орындап болған сайын, бағалаудың «Смайликтер», «Критерийлерді пайдалану», «Куту ағашы» әдістерін пайдаландым. Нәтижесінде бағалауым нақты нәтижесіне жетті деп айта алмаймын. Себебі, оқушылардың көбісі «Бас бармақ» әдісін бірінші рет қолданып отырғандықтан, ойынға айналдырып, бірін– бірі дұрыс бағаламады. Болашақта осы кедергілермен жұмыс жасау керектігін түсіндім. Ал дайын критерийлерді пайдалана отырып бағалау оқушыларға тиімдірек болды.



Оқушылардың жұмыстарын бағалауда формативті бағалаудың идеяларын тиімді қолданып отырдым деп айта аламын.

Тағы тәжірибемдегі жаңалықтың бірі кері байланыс.

Мен оқушылардың осы сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергендігін анықтау кері байланыс жүргізу мақсатында «Күту шыршасы» әдісін пайдаландым. Себебі, шырша қысы – жазы бір түсте болып, көктеп тұрады. Ескіріп түскен қылтасының орнына жаңасы шығып, үнемі жасарып, толысып тұрады. Менде сол себепті, оқушылар ешуақытта білімнен жұтамасын, үнемі өсу, даму үстінде болсын деген мақсатта сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабақтан не күтетіндерін күту ағашына жаздырып ілгіздім.

Сабақтың соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін, ненің ұнап, ненің ұнамағанын өздері жазып ілді. Оқушылардың жазбаларынан оқып қарасам, сабақ бәріне ұнаған сияқты. Оқушылардың басым бөлігі «Сабақ маған қатты ұнады», «Сабақ өте көңілді өтті», «Сабақта көп тапсырма орындадық, бірақ уақыт тез өтті» деп жазса, екі оқушы ешнарсе жазбай іліпті... Оқушылардың жазуларын салыстыра отырып анықтасам Ернат мен Сауле екен. Олар сабаққа жақсы катысты, сабақ бойы көңілді отырды, не себепті ешнарсе жазбады деп ойландым. Келесі сабағымда осы оқушылармен жұмыс жасап, сабақты калай меңгергендігі туралы кері байланыс жасай алатындай дәрежеге жеткізуді өзімнің басты мақсатым деп алдым.

Мен дәстүрлі сабақтарда өзім сөйлеп, өзім түсіндіріп, өзім бағалап, өзім қорытып отыратын болсам, курстан алған тәжірибем бойынша ендігі сабақта мен тек оқушылардың сабақты өз бетімен меңгеруіне бағыт– бағдар, бірін- бірі бағалауға нұсқау беріп отыратын көшбасшы бола білдім.



Мұғалімнің көшбасшылық қасиеті - оның ұстанымына, көзқарасына, сабақ жоспарын жүйелі түрде құрып, оны өткізу әдіс– тәсілдерін шебер пайдалана білуінде. Оқушылардың ерекше қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды ұтымды пайдалануында деп ойлаймын.

Әрине, әрбір мұғалім мықты көшбасшы бола білу үшін, әрдайым ізденіс үстінде болуы қажет. Біз әрдайым еңбектеніп, жаңалықтан құр қалмай, өз білімімізді толықтырып отыратын болсақ, кез –келген оқушының жүрегіне нұр құятынымыз анық.

Сабақта кездескен кедергілерім: шығармашылық жұмыс кезінде уақыттың жетпеуі, кейбір оқушылардың ауызша түрде өз идеяларын жеткізе алмауы, кері байланыстың толық жасалмауы.

Жетістіктерім: Оқушылардың топтық жұмыста, жұптық жұмыста өз ойларын жүйелі жеткізе алуы, АКТ-ны тиімді пайдалануы, сабақты өз бетімен меңгеруге ізденуі.

Болашақта: Тізбектелген сабақтарымды өту барысында оқушылардың қабілетін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, топтап оқытуды ұйымдастыру. Сонымен бірге сыныптағы диалогтың оқушы-оқушы, мұғалім- оқушы арасындағы әңгімені дамыту керектігін түсіндім. Тұйық оқушылардың ашылуына, белсенді болуына топта жағдай жасау. Оқушылардың белсенділігі артқан сайын өзің де сабағыңды жандандыруға, түрлендіруге тырысады екенсің. Екінші «Бетпе -бет» кезеңінде бұдан да көп нәрсе үйренемін, тәжірибелі мұғалімдердің өткен сабақтарынан бұдан да көп тәжірибе жинақтаймын деген ойдамын. Содан кейін болашақта осы курстан алған барлық білімдерімді, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін барлық сабақтарымда қолданамын. Егер соның нәтижесі оқушылардың бойынан көрінетін болса, онда бұл менің еңбегімнің жемісі, ең үлкен жетістіктерімнің бірі деп ойлаймын.








Каталог: uploads -> doc -> 0e4f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e4f -> Тақырыбы: «Ана тілің –арың бұл » Мақсаты
0e4f -> «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» мм


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет