Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп



бет4/5
Дата04.07.2018
өлшемі2,39 Mb.
#47097
1   2   3   4   5


Ақпараттық– коммуникациялық технологияның сабақта қолданудың тиімділігі – оқушылардың жан – жақты білім алуына, шығармашылығын дамытуға, жылдам ойлауға, өз бетімен жұмыс жасауға ықпалын тигізеді екен. Ол үшін теориялық білімді АКТ-мен байланыстырғанда ғана өз нәтижесін көрсетеді деп ойлаймын.

Оқушылар жұптық жұмыста оқулықты пайдалана отырып, құжатқа объектілерді қою, көбейту, өшіру, көшіру, түсін, пішімін өзгерту сияқты мүмкіндіктерімен танысты, талқылады. Оқушылардың түсінбеген жерлеріне өзім ЖАДА бола отырып көмектер көрсеттім. Ғаламтордан суреттерді қалай жүктеу керектігіне сілтеме жасап, бағыт - бағдар беріп отырдым.



Топтық жұмыста балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында әр топқа жеке– жеке ребустар тараттым. Ребус әр түрлі суреттерді пайдалану арқылы жасалған. Балалар ребусты топта пікірлесе отырып, тез арада шешіп жауаптарын айтты. Ребусты шешу барысында пайда болған «Ашық хат», «Құттықтау», «Досқа тілек» деген сөздерді тақырып қылып ала отырып, компьютерде шығармашылық жұмыс жасау тапсырылды.

Ой толғау кезеңінде оқушылар берілген тақырыпқа байланысты Word-тың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып шығармашылық жұмыс жасады. Енді бір таңқалғаным теориялық білімі жақсы Айдана деген оқушының компьютермен тапсырма орындау барысында орташа екендігін көрсетті. Бұл бір шетінен баланың әлеуметтік жағдайының әсерінен деп ойлаймын. Себебі, үй жағдайында компьютер, ғаламтор болмағандықтан, үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша ғана орындап келетін, ал мектептегі сабақта меңгеруге уақыт аздық етеді. Өйткен информатика пәніне аптасына 1 сағат қана бөлінген. Мен бұл оқушыларға көмек көрсету үшін тәжірибесі жақсы оқушылардан көпіршелер жасадым. Нәтижесінде Айдана теориялық білімін технологиялық біліммен ұштастырып, нәтижесінде анасына арнап өте жақсы ашық хат дайындады. Бұл жерде байқағаным оқушылардың бір-біріне «көпірше» болып көмек бергендерінің өзі сабақты меңгеруге үлкен әсерін тигізеді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет