Түсінік хат
Қазіргі уақытты қоғамды ақпараттандыру уақыты деп атауға болады. Адамдардың маңызды іс-әрекеттерінің бірі болып заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ақпараттармен белсенді әрі сапалы жұмыс жасауы болып табылады.
Соңғы жылдары жалпы білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақыттарда жаңа ақпараттық технологияларды қолдануда. Осыған байланысты оқушылардың өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейге дейін дамыту үшін білім беру жүйесінің маңызды мәселесі болып оптимальды білім беру кеңістігін құру болып табылады.
Баланың шығармашылығының дамуына, оның өз бетінше жұмыс жасауына, мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасалуда.
Заманауи оқушыға жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ақпаратты белсенді әрі сапалы түрде өңдей білу дағдысы қажет. Мектептерде мұндай дағдылардың дамуымен информатика сабақтарында айналысады. 5 - сынып оқушылары өз ойларын мәтіндік редактор, слайд, анимация көмегімен жинақтай білуі тиіс. Сондықтан 5 - сыныптарға арналған «Компьютер және біз» атты курс бағдарламасы жасалынып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |