Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

кiрiктiру
ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні – ғылыми жаратылыстанулық
бiлiм мен адам әрекетiнiң түрлерi және қоғам туралы ұғымдар кiрiктiрiлiп
бiртұтастықта берiлуi. Яғни, адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-
әрекетi
үнемi табиғи ортада,
қоғамда (отбасында, мектепте,
қоғамда,
табиғатта, т.б.) бiр-бiрiмен байланыста қарастырылады.
Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де адам
әрекетi солармен бiрлiкте, байланыста беріледі. Жаратылыстанулық бiлiм,
білік, дағды қалыптастыру бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні арқылы
жүзеге асырылады. «Дүниетану» пәнінде кiрiктiру ұстанымы «адам – табиғат
– қоғам» ретiнде ғана емес, «адам – заттар», «адам – қоғам», «адам – табиғат
әлемі», «адам – адамдар», «адам – отбасы», «адам – оның шығармашылық
әрекеттерi», «адам – туған елінің тарихы», т. б. арқылы да жүзеге асады.
«Дүниетану» пәнін оқыту үдерісі кiрiктiру ұстанымына негізделсе,
бастауыш сынып оқушысы «адам – табиғат – қоғам» жүйесіндегі өзара
байланысты ұғынады, экологиялық мәдениеттің қарапайым білік, дағдыларын
игереді, өзінің табиғаттағы әлеуметтік өмірдегі, қоғамдық ортадағы орнын
түсініп, жеке тұлға ретінде өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін
сезінетін болады.
Психологиялық зерттеулерде анықталғандай, балаларға берілетін білімнің
көлемі мен мазмұны олардың өмірден жинаған тәжірибесіне, таным деңгейіне
және психикалық тұрғыдан дамуына лайықталуы тиіс. Сондай-ақ олардың
сұраныстары мен қабілеттері де ескерілуі керек. Өйткені бала ақпараттар
ағынынан өзіне қажеттісін әрі түсініктісін ғана қабылдай алады.
Сондықтан бастауыш сынып үшін оқушылардың
жас ерекшелiктерiн
ескеру
ұстанымы басшылыққа алыну қажет. Бұл ұстанымның мәні – бастауыш
сынып оқушыларының ұғымына жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне сай
келетін, бiлiм деңгейлерiне лайықталған және олардың өмiр тәжiрибесiн
есепке алатын материалдардың қамтылуы.
Білім беруді оқушылардың жас ерекшелiктерiне бағдарлау ұстанымымен
үндес келетін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет