Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

мәдениеттендiру
және
ізгілендіру
ұстанымының алар орны айрықша. Бүгінгі оқушы – оқу-тәрбие үдерісіндегі
орталық тұлға, ертеңгі Қазақстан Республикасының азаматы, еліміздің саяси,
экономикалық, әлеуметтік дамуына өз үлесін қосатын қызметкер немесе
жұмысшы.
Сондықтан да олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырумен
қатар, мәдени-рухани дамуына, яғни оқушылардың жалпы мәдениетiн
көтеруге баса көңiл бөлiнiп, жеке бас гигиенасынан бастап, жалпы халықтық
мәдениет туралы мәлiметтер беруге дейін мән берілуі керек. Сондықтан әрбір
пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда ұғымдық-
ақпараттық
материалдармен шектелмей,
әдебиет, сәулет,
өнер,
ғылым
салаларынан да белгілі бір деңгейде мағлұматтардың енгізілуін ескеру қажет.
Қорыта келе, бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруда 
жоғарыда 
аталған
ұстанымдардың 
қай-қайсысының
да
қызметі 
ерекше. 
Себебі, 
бұл
ұстанымдардың негізінде ұйымдастырылған оқыту үдерісі оқушылардың
берілген білімді жүйелі, терең, берік, сабақтастықта және біртұтастықта,
ғылыми білімдер жүйесін практикамен байланыста, жеңiлден ауырға,
қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгiсiзге қарай жүретін бағытта белсенді
түрде әрі қызығушылықпен меңгеруін қамтамасыз ете алады. Сондықтан да
біз осы әдістемелік құралда бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін қарастыру
барысында оларды тығыз байланыста, оқытудың мақсат-міндеттері мен
мазмұнына тәуелділікте жүзеге асырудың маңыздылығын баса көрсеткіміз
келді.


27
3 Бастауыш сынып оқушыларына функционалдық сауаттылықты
қалыптастырудың әдістемесі
Дәстүрлі педагогикада бастауыш мектеп деңгейінің міндеті - оқушының
санау, жазу, оқу білігін қалыптастыру болып есептелінді. Ал оқушы тұлғасын
дамытуға бағытталған оқыту – сол мақсат пен бірге оқыту процесі оқушының
таңдалған жағдайда өмір сүру, мақсатқоюшылық, қызығушылығына орай өз
өміріне қатысты маңызды сұрақтарды қоя білу, шешу, өмірлік нормалар мен
ұстанымдарды талғаммен қолдану, түрлі жағдаяттарды шеше білу, мақсатқа
жету тәжірибесін жинақтау, өз көзқарасын дәлелдермен білдіру, адами іс –
әрекетті таңдауды жүзеге асыруға үйрету.
Жоғарыдағы ойды түйіндей келе бастауыш сынып оқушыларының
қарапайым функционалдық сауаттылық дағдыларын білім саласы бойынша
қалыптасуы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет