Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


 Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың педагогикалық негізі
Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны
келесі мағынада сипатталады (1-сурет):
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1-сурет – Функционалдық сауаттылық мазмұны
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі
халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық
дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын.
Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының
мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр.
Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің
грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені
байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге
ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен
дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі
тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес
келе бермейді.
Сауаттылық ұғымының
нақты мазмұны дара тұлғаның
дамуына
қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады.
Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік
Функционалдықсауатт
ылыққа
кіреді
Ойлаудағдылар
ының
(интелектуалды
қептілігініңнегі
зінде)
Өмірлікдағд
ылар
Жалпысипатта
ғыіс-
әрекетдағдылар
ы мен
білімдікқұзіретт
іліктернегізінде
оқу мен жазудағысауаттылық
жаратылысғылымдарындағысауаттылық
математикалықсауаттылық
компьютерліксауаттылық
құқықтықсауаттылық
денсаулықмәселесіндегісауаттылы
ққалыптасады


17
үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі
айқын кешенді білімдер мен біліктерден
құралатын функционалдық
сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. С.И.Ожеговтың сөздігінде «функция»
сөзінің мәні «Вызванный функционированием чего-нибудь, зависящий от
деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь (книжн)» – деп
анықталса, Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалдық ұғымы бір
нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне
байланысты болады» – деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» ұғымы
белгілі бір заттың
атқаратын
қызметіне немесе іс-әрекетіне
қатысты
айтылатыны танылады. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ
(компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың өз функциялары бар. Ал
«функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты
қарастырылады. Кез келген маманның атқаратын белгілі бір функциясы
немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық,
мектеп директорының, оқу ісі немесе тәрбие жөніндегі орынбасарларының
әрқайсысының өз функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша жауап
береді.
Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі.
Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері
қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын,
сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам сауатты ретінде танылады. Ал
«функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі
мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи
тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу
қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен
біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген
сипатта ұғынылады. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі
бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының
өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.
Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте
алғанда ғана кеңейе түседі. Функционалдық сауаттылық – тұлғаның пәндік
білім, білік, дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа
сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі
білімді құзыреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр.
Қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың
жалпы 
дүниетанымының 
қалыптасуы,
өміртанымдық
дағдыларының
жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы қоғамдық-гуманитарлық
пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік
жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім
нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз. Мектептік
білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім беру жүйесін
өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай
құруды қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы
өмірмен ұштастырып, бастауыш мектепті бітіруші түлектерді үлкен өмірге


18
дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының
меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың
түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың бойында қалыптасатын құзыреттіліктер
алынады.
Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзыреттілікті ғалымдар (А.Хуторской,
М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Ж.Т.Дәулетбекова) белгілі бір пәнге қатысты
оқушының игерген іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде анықтады.
Сондықтан қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беруде жаңа нәтижеге жетудің
басым бағыттарының бірі ретінде білімділік бағыттан оқушылардың бойында
құзыреттерді
қалыптастыру 
бағытына
өту 
мәселесі
қарастырылуда.
Құзыреттілік бағыт – межелеген мақсаттарға жету үшін оқушының ішкі
(білім, білік, дағды, құндылық, психологиялық ерекшеліктер және т.б.) және
сыртқы (ақпараттық, адами, материалдық және т.б.) ресурстарды тиімді
ұйымдастырудағы дайындығының қалыптасуын көздейді. Мектепте берілетін
білім, ендігі жерде, негізгі мақсатқа жетудің құралы болуы керек деп
тұжырымдалды. Дәстүрлі мектепте білім баланың білімді болуы үшін ғана
беріліп, сол берілген білімнің болашақта бала өміріне қаншалықты қажет
екендігі
қарастырылмады. 
Педагогикалық
мақсат 
нәтижесінде 
бала
түсініктерді, мәліметтерді, ережелерді, заңдылықтарды, біліктіліктерді және
т.б. меңгеруі тиіс, ал мұғалім сол білімді меңгертуі тиіс болды. Егер оқу
нәтижесі құзыреттілік деп анықталса, онда пәнді меңгертуден күтілетін
нәтижелер оқушының өмірлік дағдыларымен сабақтастырылуы қажет болып
саналады.
Сонымен, функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік,
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір
бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс
тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы. Сонда, функционалдық
сауаттылық 
ұғымына 
келесі 
анықтаманы 
беруге 
болады: 
адамның
мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы
мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі. Мұндағы басшылыққа алынатын
функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім
қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және
рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде
әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады.
Осыған орай,
Ұлттық
жоспарда функционалдық
сауаттылықтың
төмендегідей негізгі механизмдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың
жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері
нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.
Олар:
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
• оқыту нысандары мен әдістері;


19
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау
жүйесі;
• мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;
• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің
оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы
білім беру ортасының болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді
рөлі.
Оның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет