Оќушылардыњ ізденімпаздыѓыныњ АЌпараттыќ Ж‡йесін ќолдау



Дата12.10.2020
өлшемі86.37 Kb.



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫҒЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАУ
Жабалбаева Д.Е.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.

Білім саласын ақпараттандыру деп оқытудың және оқу үрдісін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды оңтайлы интеграциялау үрдісін айтады.

Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің ауқымы өте кең және көп тармақты. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары ТМД мен республикамыздың көлемінде көптеген әдіскер ғалымдар Е.И.Машбиц, Н.П.Лапчик, Ю.С.Брановский, А.П.Ершов, С.Пейперт, В.В.Гриншкун, Е.Ы.Бидайбеков, В.Н.Косов, С.А.Красиков, Ж.Қараев, Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев және т.б. жемісті зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Зерттеушілер оқу үрдісі үшін арнайы жасалған не соған үйлестірілген ПБҚ-ды оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, бірлесе қаракет етуге үйретуші оқыту құралы деп танып, зерттеу объектісін өзгерту мен оны қайта көрсету тек компьютер көмегімен оқу үрдісінде ғана іске асырылуы мүмкін деген тұжырымға келді.

Оқытуды компьютерлендіру - өскелең ұрпақты өркениетті қоғамның объективті сұраныстарына сәйкес оқыту мен тәрбиелеу түбегейлі жаңарту мен қайта құрудың маңызды да мәнді компоненті. Кейбір авторлар оқытуды компьютерлендірген жағдайда оқушылардың іс-әрекетін, қайсыбір тапсырмаларды (ұсынылған тапсырманың мазмұны, оны орындаудағы оқушы мен компьютердің қызметтері, орындау нәтижесін бағалау) орындау кезіндегі компьютердің функциясын мұқият әрі жан-жақты зерттеу қажет деп есептейді. Екіншілері компьютердің мүмкіншіліктері мен күш-қуатын нақтыландырып, оны пайдаланушыға оңайлату дегеніміз айналып келгенде, компьютерді жекелеген адамның рухани күш-қуатын дараландырып, байытады, адамның әлемге деген шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады деп дәлелдейді.

Оқыту үрдісін айырықша жақсартып, оның сапасын көтеруде компьютердің күш-қуат мүмкіндігін пайдалану оған арнап жасалатын оқыту бағдарламалары арқылы жүзеге асуы тиіс. Компьютерлендірудің тиімділігі, негізінен, оқыту бағдарламаларының тиімділігімен айқындалатын болады.

Оқыту бағдарламасын жобалау үрдісі концептуалдық (тұжырымдамалық), технологиялық және іске асыру деңгейлерінде жүзеге асырылады. Соңғысына екі деңгей – педагогикалық және машиналық іске асыру кіреді. Е.М.Машбиц әрбір деңгейдің проблемаларын жеке-жеке бөліп көрсетеді. Тұжырымдамалық деңгейде – оқу үрдісіндегі оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасының психологиялық тетігі, технологиялық деңгейде - басқару тәсілдерінің әр түрлі компоненттерінің өзара қарым-қатынас мәселесі, операциональдық деңгейде - компьютерге салуға болатын функциялар анықталады.

Оқу үрдісіндегі компьютердің негізгі мәні: “зерттеу объектісі’ және “оқыту құралы” түріндегі екі бағытта қарастырылады. Бұлардың алғашқысы білімді игеруді, біліктілік пен дағдыны, компьютерлік сауаттылықты меңгеруді қарастырады. Екіншісі, компьютерден оқу үрдісінің тиімділігін арттыратын қуатты оқыту құралын көреді.

Компьютердің жоғарыда көрсетілген дидактикалық қызметтері оның мүмкіндіктерімен айқындалады: компьютер сәйкес келетін бағдарлама бойынша сынып пен жеке оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, қиындық туған кезде оқушыға оның білім дәрежесіне сай тапсырма бере алады. Компьютерді сыныпта пайдалану оқушының жеке басының мүмкіндігін ғана дамытып қоймай, оның интеллектісінің кемелденуіне, танымы мен іскерлігін дамытуға ықпал етеді.

Компьютерлік бағдарламалар көрнекілікті күшейтуге мүмкіндік туғызып, оны жүйелі түрде, әрі қозғалыс үстінде көрсетуге лайықталып жасалса, онда оқушы игеретін ақпараттың мазмұны тереңдеп, мәнділігі арта түседі. Міне, сондықтан Ю.К.Бабанский: - компьютер көрнекілікті өзгертіп, сапалылық жағынан оны дәстүрлі оқытудағыдан мүлде өзгеше етеді, өзінің бойында көрнекілік құралдарының көптеген ерекшеліктерін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болу себепті оқытатын бағдарламалар жаңа қызметті – оқушының танымдық қаракетін басқаруды атқарады; компьютерді енгізіп оқыту – таным қаракетін басқару мен оны қарқындандыру (интенсификациялау) үшін мүлде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, - деп көрсеткен болатын.

Оқытуда оқушылардың ізденімпаздығының ақпараттық жүйесін қолдау белсенділігі мен дербестігінің дидактикалық ұстанымы оқушылардың білімді игеруі мен оны тәжірибеде қолдана білуі барысында олардың танымдық дербестігі мен шығармашылық белсенділігін арттыруға жағдай жасау арқылы жүзеге асады. Оқушылардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігінің шыңы - қоғам үшін объективті құны бар жаңа қаракет өнімін шығару болып табылады. Тәжірибе жүзінде ол мақсатты түрде жаңа оқу материалын оқу және оны шығармашылықпен қолдана білу нәтижесінде іске асуы мүмкін.

Оқытылатын компьютерлік бағдарламалармен және компьютермен жұмыс істеу, негізінен, оқушының дербестігін және белсенді іс-әрекетін қамтамасыз етуге бағытталады. Оқушылар өз бетімен диалогтық формада компьютермен сөйлесіп, қатынасады. Компьютер оқушы мен жаңа білім, жаңа ақпараттар арасындағы делдал рөлін орындайды. Оқу қарекетінде компьютер – оқушының танымдық іс-әрекетіндегі делдал, ол сонда инструментальдық рөлді ойнап, жинақталған білімді объективтендіру, белгілі бір әлеуметтік-тарихи тәжірибенің практикалық және танымдық іс-әрекетте көрініс табуы құралы қызметін атқарады. Мұндай бағдарламалық материалдар әрбір оқушыға өз білімі дәрежесіне сәйкес жұмыс ырғағымен бағдарламаны игеру үстінде алға жылжып, жаңаны бірте-бірте сатылы түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Осылайша, әр оқушыны оқытуда жетістікке қол жеткізуге, оқытуды дараландыруға шынайы жағдай жасалады.

Оқушылардың дербестігі мен белсенділігі, даралап оқыту ұстанымы компьютер мен оқыту бағдарламаларын пайдалануда ғана жақсы қырынан жүзеге асуы мүмкін. Оқыту бағдарламаларын құру кезінде, экспериментальдық зерттеу барысында жаңа материалды игерудің ырғағы (темпі) оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне лайықтануы қажет.

Компьютермен жұмыс істеу танымдық қызығушылықтың қалыптасуына игі ықпал етеді. Компьютерлік сауаттылықты тиімді игеру мен оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейі арасында күрделі өзара байланыс бар екендігі атап өтіледі. Бір жағынан, компьютердің өзі оқушыларды қызықтырып, олардың бойында тезірек осы бір күрделі техника қондырғысын басқаруды үйренуге деген ынтаны тұтандырады. Екінші жағынан, оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, олардың бойындағы байқағыштығы мен таңырқаушылығы өскен сайын, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуінің тиімділігі де, соған орай олардың ой-өрісінің кеңейіп даму деңгейі де жоғарылай береді.

Мектептерде дербес компьютерлердің пайда болуы көптеген оқу материалдарын көрнекілендіру, физика заңдарын өздігінен тексеру, математикалық ақпарат пен физикалық құбылыстарды меңгеру дағдыларын қалыптастыру, мектеп зертханасын және онда қойылатын тәжірибелерді автоматтандыру, оны нағыз ғылыми-зерттеу жұмыстарына жақындастыру сияқты әдістерді кеңінен қолдану мүмкіндіктерін туғызды.

Бұл оқыту бағдарламаларының да көп түрлілігін туғызады. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі педагогикалық бағдарламалық құралдардың классификациясы берілді. Педагогикалық бағдарламалық құралдарды топтастыру (классификациялау), оларды сабақ үрдісінде пайдалану мақсатына қарай жүзеге асырылуда (1-кесте).


1-кесте.

Педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану мақсаттары мен түрлері




ПБҚ қолдану мақсаттары

ПБҚ түрлері

Көрнекілікті арттыру және бейнелі қойылым көрсету, қорыту және жүйелеу, сабақ ақпаратын үнемі жаңартып отыру.

1.Ақпараттық-іздестіру жүйелері

2. Сараптау жүйелері

3. Оқыту бағдарламалары

(демонстрациялық модельдеу типтері)

4. Компьютерлік ойындар


Әртүрлі дағдылар мен іскерлік-терді қалыптастыру мен бекіту

  1. Оқыту бағдарламалары

  2. Сараптау жүйелері

  3. Компьютерлік ойындар

  4. Иммитациялық модельдеу

Білімді меңгеру деңгейін тексеру

  1. Оқыту бағдарламалары

(бақылаушы типтегі)

  1. Компьютерлік ойындар

  2. Ақпараттық-іздестіру жүйелері

4. Сараптау жүйелері

Алайда, оқушылардың өздік таным іс-әрекетін ұйымдастыру, дербес танымдық белсенділігі мен логикалық ой-өрісін дамыту, сабақта проблемалық жағдаят (ситуация) туғызу, шығармашылық деңгейін арттыру сияқты оқытудың негізгі мақсаттары нақты ашылып көрсетілмеген.

Сабаққа компьютерді пайдаланудың қандай да бір түрін мұғалім таңдайды және оқыту кезеңі мен сабақты ұйымдастыру түріне байланысты сабақ сценариіне енгізеді.

Компьютерді қолдану түрлерін классификациялау оқу материалын меңгерудің 4 деңгейіне: 1 - идентификациялау, 2 - репродукциялау, 3 - білімді типтік жағдайларда қолдану, 4 - білімді, іскерлік пен дағдыларды стандартты емес жағдайларға көшіру (трансформациялау) негізінде жүргізілген.



Оқушылардың ізденімпаздығының ақпараттық жүйесін қолдауда әр түрлі компьютерлік оқу бағдарламаларын қолдана отырып, пән бойынша білімді, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың ашылмай жатқан әлеуеті (потенциалы) мол (1-сурет).

Сурет 1. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бағыттары
Көптеген зерттеулерде бағдарламалық оқыту арқылы білім беру үрдісінде жаттығуларға ерекше мән береді. Онда білім мен іскерлік-дағдыларды меңгерген оқушылардың оқу әрекеттерінің амалдары ғана емес, мұғалімнің еңбегі де механикаландырылады.

Технологиялық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту, адамға жаңа талаптарды, яғни алгоритмдерді орындауды емес, оларды жасауды талап етеді.

Соңғы зерттеулерде оқыту тиімділігі дайын модельдерді пайдалануда емес, оларды оқушылар өздері жасап ұсынғанда арта түсетіндігі көрсетілген. Шындығында, модель жасай отырып, оқушылар объект құрылысын, оның белгілерін қайта жасап шығарады. Модельмен одан әрі жұмыс барысында теориялық білім меңгеріледі, білімді аналогтық материалға көшіруді өздігінен жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туады.

Оқушылардың ізденімпаздығының ақпараттық жүйесін қолдауда, оқу компьютерлік бағдарламаларын жасау мен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіру, ондай модельдер жасауға болатын сабақ материалдарын іріктеу, нақтылы модельдеу бағдарламалары мен оларды пайдалану әдістемесін жасау және ондай бағдарламаларды орта мектептерде сынақтан өткізу жұмыстары жүйелі шешуін таппаған аса маңызды мәселелер қатарында қалып отыр.

Сабақ мақсатындағы компьютерлік модельдеуге мектеп жағдайында оқушының жасап көруіне еш мүмкіндік болмайтын немесе көп қиындық туғызатын объектілер таңдалып алынуы қажет.

Олардың қатарына:



  • құны өте жоғары,

  • өмірге қауіпті,

  • оқушы қабылдауына қиындық туғызатын,

  • аса күрделі құбылыстар мен эксперименттер жатады.

Оқу компьютерлік модельдер жасау барысында бала дамуының жас ерекшеліктерін де ескеру қажет. “Әр түрлі жас кезеңіне, әр түрлі оқу модельдері (төменгі мектеп жасындағы квазипәндік ойын түрлерінен бастап орта және жоғары мектеп жасындағы квазизерттеушілік өнімді және шығармашылық түрлерге дейін)” сәйкес келуі керек.

Қазіргі таңда оқушылардың ізденімпаздығының ақпараттық жүйесін қолдау негізгі мектепте интеграцияланған курс көмегімен білім алуға бағдарланған. Осыған орай, жалпы білім білім беру бағытында пәндердің нақты мазмұнын күнделікті тұрмыстық мәні бар дәрежеде беру арқылы оқушылардың интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, мәдениетін тәрбиелеу көзделеді.




Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы //Қазақстан мектебі, 2004. 3-16 беттер

  2. Қасымова А.Қ. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары //Білім, 2008. - №6. – 12-14 б.

  3. Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. – М.: Педагогика, 1989. – 560 с.

  4. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. Дисс. д.п.н. – Алматы, 1994. – 314 с.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 I
Konferencia -> МҰхаммед хайдар дулати қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші кәрібаев Б. Б
Konferencia -> С., Алпысбаева Ғ. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Konferencia -> ШӘКӘрім мұрасы – Ұрпақтар мұраты өтеш Ж.Ә., Рахимкулова Д. Т. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Konferencia -> Өмірбаяны мен еңбектері керімбаева Р.Қ., Сембаева Г. П
Konferencia -> М. Х. Дулатидің «ЖАҺаннаме» поэмасының Ұлттық руханияттағы маңызы тамабаева Қ.Ө
Konferencia -> Әож 81. 1(574) ахмет байтұрсынов және терминология мәселелері
Konferencia -> Әож 809. 434 058 О. БӨкей шығармаларының ерекшеліктері
Konferencia -> Әож 821. 512. 122: 82-96 МҰхамед хайдар дулатидың Әдеби көркемділігі
konf 2013 I -> Кємелетке толмаѓандардыњ Ќ¦ЌЫЌТЫЌ мєдениетiн ќалыптастырудыњ нысандары мен єдiстерi


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет