Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу



бет8/13
Дата11.05.2022
өлшемі121,13 Kb.
#142026
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
9 лек
Сан пин 186-2018 общ питание. rus, Сан пин 186-2018 общ питание. rus, ЭиРАО 111шаблон, ЭиР РАВ 14, 1 лек

Моральдік пайымдау


Өнегелі даму – психология мен педагогикадағы негізгі тақырыптардың бірі. Пиаже өнегелі дамудың екі кезеңдік үдерісін сипаттады, ал Кохлберг өнегелі даму теориясында әртүрлі үш деңгейдегі алты кезеңді бөліп көрсетті. Кохлберг өнегелі даму – бұл өмір бойы жүретін тұрақты үдеріс деп болжап, Пиаженің теориясын дамытты. Кохлберг өз теориясын бастауыш мектеп жасындағы балалар топтарымен жүргізген зерттеулер мен сұхбаттарына негіздеді. Бұл зерттеуге қатысушыларға моральдік дилеммалар беріліп, әр сценарий бойынша олардың ойла- рына негіз болған пайымдауларды анықтау ұсынылды. Бұдан әрі Кохлберг балаларға ұсынған
«Ганс дилеммасы» деп аталған мысал келтірілген…
«Ганстың дәрі ұрлауы
Еуропада бір әйел рактың ерекше түрімен сырқаттанып, өлім аузында жатады. Дәрігерлердің пікірінше ол әйелге көмектесе алатын бір дәрі бар екен. Бұл – радийдің бір түрі, оны осы қалада тұратын фармацевт жуырда ойлап тауыпты. Мұндай дәріні шығару өте қымбат жұмыс, ал фармацевт оны сатуға он есе қымбат баға қойған. Радий үшін ол 200 доллар төлеп, дәрінің кішкентай мөлшерін 2000 долларға бағалады. Сырқат әйелдің күйеуі Ганс таныстарының барлығынан қарыз сұраса да, соманың жарты құнын, яғни 1000 дол- лар ғана жинайды. Ол фармацевке әйелінің өлім аузында жатқанын айтып, дәріні арзанырақ сатуды немесе кейінірек төлеуге рұқсат етуді сұрайды, бірақ фармацевт: «жоқ, мен бұл дәріні таптым және мен осы дәрімен ақша табамын» – деп жауап береді. Осы сөзге қатты ашынған Ганс дәріханаға баса-көктеп кірді де әйелі үшін сол дәріні ұрлап әкетті. Ганс дәл осылай істеуге тиіс пе еді?» (Kohlberg, 1963).
Кохлбергті қызықтырғаны – Ганс дұрыс істеді ме деген сұраққа беретін жауаптары емес еді, ғалымды қатысушылар өз шешімін негіздеген пайымдары қызықтырды. Жауаптар өнегелі даму теориясын негіздеу сатылары бойынша жіктелді. Бұл модель әрқайсысы екі кезеңнен тұратын үш деңгейге бөлінді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет