Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу



бет12/13
Дата11.05.2022
өлшемі121,13 Kb.
#142026
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
9 лек
Сан пин 186-2018 общ питание. rus, Сан пин 186-2018 общ питание. rus, ЭиРАО 111шаблон, ЭиР РАВ 14, 1 лек

Зерде теориясы


«Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқаларды арнайы делдал ретінде түсінудің, яғни олардың зердесін ұстаным, тілек сияқты арнайы күйлердің теориялық тұжырымдамасы тұрғысынан интерпретациялаудың ерекше танымдық қабілеті. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін ақыл-ой күйінің кең спектрін (ұстаным, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз. Қысқаша айтқанда, зерде теориясы – өз санаңның және басқа адамдар санасының мазмұнына ой жүгірте білу деген сөз.


«Жалған ұстаным»

ЗТ тұжырымдамасы даму психологиясынан шығады. Балалар ниетті және басқа да маңызды сана операцияларын (көз тігу бағыты, назар аудару, талаптану) түсіну қабілеттерін ерте көрсетеді. Соған қарамастан, 80-жылдардың басында Г.Виммер мен Дж.Пернер 3–4 жасқа жеткенге дейін ЗТ толыққанды дамымайтынын көрсетті. Ғалымдар 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың жалған көзқарасты басқа біреуге таңуын қадағалау және тексеру үшін бірнеше эксперимент жүргізді. Эксперименттердің бірінде балалар кейіпкер Максидің шоколадын жәшікке тастап кеткен кезде оның анасы шоколадтың кішкене бөлігін ас дайындауға алады да, тәттіні басқа жерге қойып кеткені туралы сценаны бақылайды. Макси қайтып келгенде экс- перимент жасаушы: «Макси шоколадты қай жерден іздейді?» деген сұрақ қояды. 1983 жылғы алғашқы нәтижелер, 5 жастан үлкен балаларда Максиге жалған түсінік беру проблемалары кездеспейтінін, бұл жасы кішірек балаларда кездесетінін көрсетеді (олар Макси шоколадты анасы қойған жерден іздейді деп ойлайды). Жалған ұстанымның алдына қойылған міндет – ба- лалар дамуындағы кезеңдер арасындағы нақты бөлінуді айқындау, атап айтар болсақ, ол ақыл мен ақиқатты «айқын» көрсету кезеңі және ақыл мен ақиқатты «айқын емес» көрсету кезеңі. Бұл олардың шынымен болған жайт пен адамдар көзқарасына негізделген пікірді оңай айыра алатынын білдіреді.
Жалған ұстанымды пайдалана отырып жүргізілген бақылау нәтижелері баланың са- насында үш жаста күрт өзгерістер болатынын көрсетті. Бұл көптеген психологтар мен философтарға (Leslie, 1987; Fodor, 1992) шамамен үш жасқа қарай күшейе түсетін туа біткен модуль ретінде, ЗТ үшін жауапты танымдық құрылымды толығырақ сипаттауға мүмкіндік берді. Басқа психикалық ақаулар болса, бұл танымдық құрылым нашарлай- ды немесе онымен қатар жүре беруі мүмкін. Мұндай көзқарас аутизм сияқты елеулі психиатриялық патологиялардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері бойынша алынған дәлелдерге сәйкес келеді (Baron-Cohen, 1995; Frith et al., 1994). Аутизммен ауы- ратын балалар зияткерлік және сөйлеу қабілеттерін тестілеуге арналған басқа танымдық тапсырмаларға қарағанда, жалған ұстаным міндеттерін орындау кезінде төмен көрсеткіш байқатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет