Глоссарий 1.Зерттеу көздері — ғылыми және арнайы әдебиет, мұражай құжаттары мен жасалған жұмыс қорытындылары. 2.Зерттеу әдістері — негізгі кезеңдер, зерттеу қызметінің мерзімдері. 3.Зерттеу кезеңдері мен процедурасы — нәтижелер алғашқы алынған, басқалар мен бұрын зерттелмеген және қабылданбаған. 4.Зерттеу нәтижелерін сынау мен енгізу — кез келген ғылыми-зерттеудің қорытынды кезеңі, зерттеу қызметінің соңғы нәтижесі. Құрылымды тәжірибе әдістерін әзірлеу — болжамды, анық, тура дәлелдеуге қажет әдістерді іріктеу, мақұлдау. Мұндай әдістер сенімді, негізделген, зерттелген құбылысқа ықпал жасауға немесе өзгертуге жағдай тудыратын және оқу үдерісі сапасын арттыру мен жақсартуға көмектесетіндей болғаны жөн. 5.Мақсат — жоспарлы нәтиже. 6.Мәселе — шешім қажет ететін және оған арнайы ғылыми тәжірибе жүргізбей дұрыс жауап беру мүмкін емес өзекті және өмірлік сұрақ. 7.Мәселені нақтылау — тәжірибенің табысты аяқталуы үшін оның барлық мақсаттары мен міндеттерін анықталған және анық түрде құрастыру қажет. Егер де бұл орындалмаса, тәжірибенің түпкі мақсатқа жеткенін және басқа да жоспарланған нәтиженің алынғанын анықтау қиынға соғады. 8.Қарама-қайшылық дамудың қозғаушы күші, зерттеу нысанындағы қарама-қарсы тараптардың қатысы. 9.Медиана — берілген белгі көрсеткіші бойынша таңдаманы тең бөлетін зерттеу құбылысының маңызы. 10.Мода — таңдауда жиі кездесетін зерттеу белгілерінің сандық мәні. 11.Монографиялық бақылау — өзара байланысқан құбылыстардың әр түрлі өлшемдегі бірталай санын қамтиды, олардың дамуын, өзара ықпалын ерекшеліктерімен арақатынасын қарастырады. 12.Міндеттер — зерттеу жүргізудің және ұйымдастырудың басынан аяғына дейінгі дәйекті кезеңдері. 13.Нақтылығы мен негізделгендігі — жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын анықтайтын талаптар.
14.Іздеушілік бақылау — зерттеушінің көңіл бөлген құбылыстар мен деректерді табу үшін қолданылады, бірақ ұқсассыз жағдайларда дара көрініс табады. 15.Кесімді бақылау — үзілмелі бақылау, бақылау объектісі белгілі бір уақытта ұзақ жетіледі.