Оқушылардың кіші олимпиада тапсырмалары


Шығарма тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған



бет3/5
Дата20.01.2023
өлшемі74 Kb.
#165999
1   2   3   4   5
Байланысты:
кіші олимпиада

Шығарма тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған.
ІІ тапсырма
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.



Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

... Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар. Өлеңнің түрі, жанры, үзіндіде қолданған көркемдік тәсіл туралы айтыңыз.

2.

Қазақ тілі

Екпін, оның түрлері туралы мысал келтіре отырып айтыңыз

3.

Қазақ тілі

ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы дәлелдеңіз



2 тапсырма бойынша жинайтын ең жоғары ұпай – 80, тапсырма орындауға берілетін уақыт – 180 минут


Мәтін
 Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген әке әйеліне айтыпты:
-Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан келмейді.
Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық алтын береді: «Мынаны еңбегіме алған едім», - деп, әкеңе алтынды сыйлағайсың.
Кешке алтынды әкесіне ұсынады. Алтынды шал лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
-Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті.
Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:
-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Онан да ақшаны жұмыс істеп тап, - деп ақыл айтыпты.
Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жібереді. Бұған ұлы шыдай алмай, жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:
-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты.
Әкесі тұрып:
-Бұл ақшаны өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, - депті ұлына.

Үлгі

Ауыз екі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Көркем әдеби стильге тән ерекшеліктер


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқушылардың кіші олимпиада тапсырмалары


(мектепішілік кезең)

7-сынып
І тапсырма


Жазба жұмысты бағалау тәртібі (Эссе):
1. Эссенің мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
2. Әдеби материалдарды пайдалану деңгейі - 10 ұпай
3. Эссенің жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай
4. Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай
5. Емле (орфография) – 10 ұпай
Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет