Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы



бет1/4
Дата21.10.2022
өлшемі73,56 Kb.
#154269
  1   2   3   4
Байланысты:
2371030d0d33f51b9ba6ec3c70289fbd-2 (1)
магниттік мектеп оқушылары (2), магниттік мектеп оқушылары (1)

Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы

Құрметті мектеп бітіруші! Өзіңнің көңіліңнен шығатын сауалды белгілеуіңді сұраймыз.


1. Сен болашақ мамандығыңды дәл таңдадың ба?
2. Таңдау себебі- материалдық қызығушылық па?
3. Таңдаған мамандығыңда Сені ең алдымен жұмыс процесі қызықтырады ма?
4. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың барғандықтан таңдадың ба?
5. Сен жұмыс (оқу)орнын сенің үйіңе жақын болғандықтан таңдадың ба?
6. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша баламаң бар ма?
7. Өзің таңдаған мамандық туралы басылымдардан оқисың ба?
8. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын білесің бе?
9. Кім болып істеген маңызды емес, маңыздысы қалай жұмыс істеуде.
10. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды ойламас бұрын куәлікті алу қажет пе?
11. Сенде өзің таңдаған мамандыққа қажет қандай сапалық көрсеткіштер жетіспейді?
12. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда жұмыс жасайсың ба?
13. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға әсері жоқ деп ойлайсың ба?
14. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты құптайды ма?
15. Сен өзің таңдаған мамандықтың жағымсыз тұстарын білесің бе?
16. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет түрінен сынақ жасап көрдің бе?
17. Сен дәрігермен болашақ мамандықты таңдау туралы кеңестің бе?
18. Мамандықты таңдауда маңыздысы-кәсіптік оқу орнына түсу мүмкіндігі.
19. Сен өзің таңдаған оқу орнына түсу шарттары туралы білесің бе?
20. Сен өзің таңдаған мамандық бойынша жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы білесің бе?
21. Сен туыстарыңның жұмысқа (оқуға түсуге) орналасуда көмек беретініне сенімдісің бе?
22. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің табысы туралы білесің бе?
23. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе алмасаң қайтадан түсуге талаптанасың ба?
24. Мамандықты дұрыс таңдау үшін «қаладым» деген сөз жеткілікті ме?
Алынған нұсқаларды төмендегіше екі бағанға қойып шығыңыз.
1- қатар-1,3,6,7,8,11,12,14,15,16,17,19,20,22,23- сұрақтарға «иә» жауаптарыңыз жиынтығы.
2- қатар-2,4,5,9,10,13,18,21,22,23-сұрақтарға «жоқ» жауаптарының жиынтығы.
Алынған сандарды қосып, келесі шкала бойынша оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейін анықта:
0-6 ұпай- дайын емес;
7-12 ұпай – төмен дайындық;
13-18 ұпай-орта дайындық;
19-24 ұпай – жоғары дайындық.
Білім беру ұйымының мониторинг матрицасына оқушылардың жалпы жауаптар санының есебінен пайыздық қатынаста жалпы берілгендер енгізіледі.
Ескертулер бағанына жауап берген оқушылар санын енгізу қажет




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет