Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы



бет2/3
Дата04.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#3201
1   2   3

«Мамандықтың бәрі жақсы» мамандық таңдау кеші.
Авторы : Опашова Жанагул Жалеловна

№162 орта мектептің тәрбие


жөніндегі орынбасары
Жаңақорған ауданы
Қызылорда облысы

Жүргізуші: - Бүгін міне, осы залда баласының болашағынан үміт күткен ата- ана және биылғы оқу жылының болашағынан үміт күттіретін мектеп түлектері , әр мамандық иелері , жалпы жоғары буын оқушылары мен ұстаздар қауымы бас қосып отыр.


Бұл бас қосудың маңыздылығы – мынау нарықтық қарым- қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр.
Олай болса, біздің бүгінгі « Мамандықтың бәрі жақсы» атты дөңгелек үстеліміз оларға өмірде жаңылыспай, өз жолын табуға септігін тигізердей етіп, сіздер мен біздер өзіміздің бай тәжірибемізді , ой толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөліссек деген ниетпен өткізгелі отырмыз. Шарамызды бастамас бұрын қатысушылар мен қонақтарды топ тобымен орындарына жайғастырып алайық.
-Психологиялық сәт : Өзін- өзі тану. Оқушылар мен қонақтар, ата- аналар өзіне ұнаған геометриялық фигураны кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті , қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.
І топ «Мәңгілік ел» шеңберді таңдағандар
ІІ топ «Жаса қазақ!» тобы төртбұрышты таңдағандар
ІІІ топ . «Атамекен» тобы. Үшбұрышты таңдағандар.
Шеңберді таңдағандар: сендерде адамгершілік жоғары дамыған. Өз әріптестеріңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесіндер, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан . Саған жеке адамдар арасында кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сендерден үздік психологтар шығуы мүмкін.
Төртбұрышты таңдағандар : Сендерде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу, және жүйелеу қабілеттері баршылық. Сендерден үздік администраторлар шығады.
Үшбұрышты таңдағандар : Сендерге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске , жетістіктерге , ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда , өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.
-Әр топ өздерінің топтарымен отырып , өз топтарының топ басшысын сайлайды.
- 2014жылдың қаңтар айында Елбасы Елордадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. Бұл- 1997 жылдан бергі Президенттің он сегізінші стратегиялық Жолдауы. Елбасының өз сөзімен айтсақ,«Мықты ел ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен , тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» стратегиясы- барлық саланы қамтиды және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол- елдігіміз бен ерлігіміз сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан» .
«Жолдау-2014: халықты қуантқан 10 жаңалық» биылғы жолдауға қысқаша шолу.
-Асылтұрсынова Жазира- «Мәңгілік ел»
-Жолшиева Ақсамал «Қазақстан -2050»
-Әнуарова Ұлжан : Білім беру саласындағы тапсырмалар.
Сергіту сәті. Әр топ өздерінің атына байланысты бір шумақ өлең жолдарын хормен орындаса. Мысалы : «Атамекен» әні,
«Елім Менің» әні,
«Жас қазақ!» әні.
-Жүсіпбек Аймауытовтың «Неге арналсаң, соны істе» атты қазіргі «Егеменді Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласына назар аударайық.
-Тұрмағанбетова Назерке.
-Неге арналсаң , соны істе» деген алғашқы да өктем сөз сияқты көрінсе де, бұл мағынаның астарында , аса әлеуметті , қала берсе әр адамға маңызы зор мәселе жатыр. Әлеумет тұрмысында зор кемшіліктің бірі- әлеуметтің мүшесі , әр адам өз орнында қызмет етпеу.Естеріңізде болсан: «Адам қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ емес, қалай қақса солай домалайтын алланың добы да емес. Адам- өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет етеді. Кісі іштен туғаннан –ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Басқаша айтқанда әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яғни зеректік болады. Кімде- кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен –ақ тауып кеткен адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға, мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай , сенделумен күн өтеді. Өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына , ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға, налып, зарланып, бақытсыз жан болып күнелтеді. Сондықтан қорыта келе адамда бір ғана мамандық болуы тиіс. Ең негізгісі- Қандай маман болсаң да, адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болуың қажет. Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, зор және маңызды болмақ.
- Оқушылар өздері таңдаған мамандықтары туралы эссе жазып келу тапсырылған болатын. Қазір соны тыңдасақ. Сөз кезегі 11- сынып оқушыларында.
- Әрбір ата- ана өзінің баласының ешкімнен кем болмай , өзінің көздеген мамандығына түсіп, өмірде өз орнын тапқанын қалайды.
Постермен жұмыс. Үш топқа үш плакат беріледі. Қазіргі қоғамға ең қажетті мамандықтар дәрігер, мұғалім, полиция қызметі туралы суретпен бейнелеп,осы мамандықтың жетістіктері мен кемшін тұстарын қатар бейнелеп , әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
І топ «Мәңгілік ел» мұғалім мамандығын
ІІ топ «Жаса қазақ!» дәрігер мамандығын
ІІІ топ . «Атамекен» тобы. Полиция қызметкерін
- Оқушылар мен ата- аналар өз жұмыстарын жүргізіп жатқанда әр саланың мамандық иелерінің таныстырып өтелік .
1. Кітапханашы : Мұстафаева Сәрсенкул апай
2. Ауылдың ФАП меңгерушісі: Жоланова Үрімхан
3. «Бақберген» бала- бақша меңгерушісі : Ділматаева Элмира
4. Музыкант- Гүлмира Мүспенова
5. Аймақтық полиция лейтенанты : Сейсенов Сәбит
6. Мал дәрігер : Нұрболат Жүсіпов
7. Есепші : Мұхатова Гүлмира
8. Тігінші : Жүнісова Күлпаш
9. Кәсіпкер : Асылбекова Жайна Жақсылыққызы бүгін бізде қонақта әрқайсыңыз өз мамандықтарыңызды бір ауыз сөзбен жарнамалап өтсеңіздер.
Жүргізуші : Әр топ өздерінің сұранысқа ие мамандықтары туралы өз ойларын қорғайды.
- «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір қоржыннан мамандықтар жазылған карточкалар аласыздар. Сол мамандық туралы өлеңдер немесе тақпақ жазып шығарып айтасыздар. Әр топ екі мамандық жазылған карточка алады. (дәрігер, ұшқыш,инженер, ақын, аграном, мұғалім)
- Шығармашылық жұмыс.
Әрбір ата- ана баласын дүниеге әкелгеннен кейін белгілі бір мамандық иесі атанып, өмірден лайықты орнын табуын қалайды. Бірақ әрбір талапты жастың ЖОО түсіп, дипломды қалтаға басу деген сөз емес. Әркім өзінің маңдайына жазғанын көреді. Мәселенің барлығы дипломмен шектеліп қоймайды. Өмірден өз орнын тауып, несібе ризығын теріп жесе болды емес пе?
- Ата- аналармен жұмыс.
1- тапсырма
Ата- ананың бәрі бірдей балаға жасынан кәсіби бағдар беріп, икеміне, қабілетіне қарай дүниенің кетігін тауып қалануына баули біле ме?
2-тапсырма:
Өмірде талай жайды көзіміз көріп жүр. Әке- шешесінің арқасында не ішем, не кием деп ойланбай, сапалы білім алуға да мұршасы келмейтіндер де кездеседі. Бар мен жоқтың парқын білмеген соң, олар оқуға онша бас қатыра бермейді. Колледж бен университетке ата- ананың жетектеуімен барады. Оны бітіргеннен кейін дүбара мамандық иесі атанып шығады. Ондай сапасыз мамандықтар қазіргі кезде керек пе?
3-тапсырма.
Жалпы, біздің бойымызда баланың қабілетіне қарамай, ЖОО сүйрелей жөнелетін әдет бар. Бала қандай кәсіпке икемді, соны қаперімізге алғымыз келмейді. Бүгінгі нарық кезінде көп адам ақшалы жұмыстарды істеуді көздейді. Ия, сананы тұрмыс билеген заман емес пе? Қарапайым кәсіп түрлеріне мұрын шүйіріп қарайтындар да кездеседі. Осы орайда тартымды – тартымсыз мамандықтар бола ма?
- Топпен жұмыс: Ой- толғау.
1. Нарық заманына сәйкес жаңа мамандықтар түрлеріне қандай мамандықтарды жатқызасыздар?
2. Қазіргі жеткіншектердің санасында , жалпы психологияда, жалақысы мол заңгер, қаржыгер, экономист кәсіпті таңдау керектігі бірінші орында тұрады. Барлығын ақша шешеді деп түсінеді. Сөйтіп, рухани құндылықтар екінші орынға қалып, матеиалдық қажеттілік бірінші орынға шығып кетеді. Неліктен ?
3. Мамандық таңдауда ең басты не : Қабіле пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
4. Ауыл экономикасын көтеру үшін , ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсың?
5. Адам өз мамандығын таңдаған кезде , нені басшылыққа алу керек?
6. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе , оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
7. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
8. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз?
9. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
-Біздегі мамандыққа қатысты мәселені шетелдермен салыстырсақ, мүлдем басқаша. Әр топтың әртүрлі мамандық туралы оқушылардың
«Білгенге маржан» айдарына тоқталайық. Мұнда әр мамандық иелеріне сипаттамалар беріледі.
Жазира- заңгер туралы, Құлпынай- банкир туралы, Бағдат- коммерция туралы
Мұрат- бизнес туралы , Гүлжан- бизнесмен туралы, Ұлжан- менеджер туралы,
Малика- маркетинг туралы, Ақсамал- нотариус туралы, Құндызай- агент туралы
Жүргізуші : мамандығы , тағдыры жөнінде жұмбақ кейіпкеріміздің бізге жолдаған хатын тыңдайық:
Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .
Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына ліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.
Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !

Сұрақ- жауап :


1. топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?
2. топқа сұрақ :Өмірде сүрінетін болса , қайта тұрғызатын күш бар ма?
3. топқа сұрақ : Өздерің сүйіп қалаған мамандығыңды басқа біреудің айтуымен өзгертер ме едің?
«Екі жұлдыз , бір тілек» үш топтың жұмыстарын бағалау мақсатында бақылаушы топтарға кезек береміз.
Психолог Маманова Ұлданай Аманбайқызы
9-сынып оқушысы : Мұятов Даулетбақ
Көшбасшы : І деңгейдегі музыка рән мқғалімі : Асылбекова Жайна Жақсылыққызы
Әсемпаз болама әрнеге ,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан
- Бүгінгі «Мамандықтың бәрі жақсы» атты мамандық таңдау кешінің қорытынды сөзі мектеп басшысы Дүйсебаев Серік Жаманқұлұлына беріледі.
Бүгінгі кешімізде мамандықты жүрек қалауымен таңдау өзіңе керекті мамандықтың қыры мен сырына үңіле білуге үйретті. «Мамандықтың бәрі жақсы өзің дұрыс таңдай білсең» бүгінгі қадірлі қонақтарға ой бөліскендері үшін рахметімізді айтамыз. Осымен кешіміз аяқталды

«Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп ал. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.

Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады? Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек адамдардың қасында болады. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың себепкері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, мамандарды  ЖОО-да, колледждерде, техникумдарда және басқа да мамандарды дайындайтын кәсіби оқу орындарынан табуға болады. Олармен қалай кездесу керек? Ең қарапайым тәсіл – ашық есік күндеріне келіп, өзіңді қызықтырған факультет деканатының, кафедраның қызметкерлерінен тиісті ақпарат алу. Сонымен қатар, ЖОО-ның кәсіби қызмет туралы, сол мамандық бойынша оқудың ерекшеліктері туралы нақты ақпарат бере алатын қызметкерлерімен жеке кездесу жөнінде келісуіңізге болады.

Енді таңдалған мамандықтың бағыты туралы түсінік. Бірнеше мамандық бойынша осындай түсінік алып, өзіңе не ұнайтынын, ненің ұнамайтынын, немен сәттілікке жететініңді, немен жете алмайтындығыңды шешесің. Мамандықтар туралы ақпаратты қаншалықты көп жинасаң, өлшесең, соғұрлым таңдауың нақты және түсінікті болады.

Мамандық таңдаудың тиімді тәсілдерінің бірі – мектептегі демалыс уақытында кәсіпорындарда тәжірибеден өту. Бұл тәсіл мамандық туралы шынайы түсінік алуға мүмкіндік береді.

Айтпақшы, сен өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдамас бұрын тағы да бір өте маңызды сұраққа жауап беруге тиіссің: «Бұл жұмыс маған не береді?». Көпшілігі жоғарғы еңбекақы алғылары келеді. Шындығында, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылысың қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық және кәсіби өсу үшін өз жұмысыңнан мүмкіндіктерді көп табасың.

Ал мамандық алып, кәсіпті игеру үшін оқу орнын таңдау керек екені түсінікті. Бұл жерде неге назар аудару керек? Кез келген оқу орнының басты құндылығы оның оқытушылық құрамы болып табылады. Мамандарды қалай дайындап шығаратындықтары оның кәсіби шеберлігіне байланысты екендігі саған белгілі. Сабақ кестелерімен де танысқан жөн. Оларда көрсетілген пәндер, сондай-ақ олардың әрқайсысына бөлінген сағат сандары аталған факультет ұсынатын білімнің көлемін бағалауға мүмкіндік береді. Оқу процесінің техникалық және материалдық жабдықталуына да (кітапхана, компьютерлік сыныптар, арнайы жабдықталған бөлмелер және т.б.) назар аударған жөн. Студенттердің, әсіресе осы оқу орнының түлектерінің пікірін тыңдау керек.

Мамандық таңдау – қиын және еңбекті қажет ететін іс және сіз қаншалықты ізденсеңіз, нәтижесі де соғұрлым жақсы болады. Мамандық әлемімен танысуды 5-6 сыныптан бастаған тиімді.

Есте сақтаңыз! Адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада табысқа жетеді. Сондықтан мамандықты таңдағанда немен айналысқан қызықты, немен айналысқанда жан рахатына бөленесіз, соған назар аударған жөн.

Мамандық – бұл сіздің ақылмен сүретін өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай біліңіз және сонымен бірге өзіңіз де дамыңыз, сонда ғана биікке жетесіз!

Пайдалы сілтемелер:

1)                www.vyborprofessia.narod.ru – «Танымал мамандықты таңдау» сайты;



2)                http://mirsovetov.ru/a/miscellaneous/employment/correctly-choose-profession.html - «Пайдалы кеңестер» сайты;

3)                http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-11529/ — «Өмір мектебі» сайты;

4)                http://www.urc.ac.ru/abiturient/PsyTest/prof.html — «Абитуриент» жалпыресейлік ақпараттық-анықтамалық жүйе;

5)                http://www.find-job.ru/profession/ — мамандық таңдау бойынша ақпараттық портал;

6)                http://mirsovetov2.ru/page.php?id_n=371 – «Пайдалы кеңестер мен мақалалар» сайты;

7)                http://www.goldentime.ru/safe_prof_2.htm — «Алтын уақыт» сайты;

8)                http://nsk.erabota.ru/info/articles/5450/ — жұмыс пен қызметкерлерді іздеуге арналған сайт.

 Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мамандық таңдау», «мамандықты қалай таңдау керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек



Джон Голланд сауалнамасы



Инженер-технолог



Коструктор



Сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі оқу ісін меңгеруші



Кәсіподақ комитетінің төрағасы



Дизайнер



Сызба сызушы



Ғылым-химик



Бухгалтер



Саяси қайраткер



Жазушы



Аспазшы



Әріп теруші



Адвокат(қорғаушы)



Ғылыми журналдың редакторы



Тәрбиеші



Балшықтан бұйым жасау жөніндегі суретші-керамикашы



Тоқыма тоқушы



Тазалық жөніндегі дәрігер

10а

Нотариус

10б

Жабдықтаушы

11а

Көркем әдебиет аудармашысы

11б

Лингвист

12а

Педиатр

12б

Статистик

13а

Дүкен меңгеруші

13б

Фотосуретші

14а

Философ

14б

Психиатр

15а

ЭЕМ операторы

15б

Карикатурашы

16а

Бағбан

16б

Метеоролог

17а

Мұғалім

17б

Жастар қозғалысының лидері

18а

Металл бойынша суретші

18б

Бояушы,сырлаушы

19а

Гидролог

19б

Ревизор

20а

Шаруашылық меңгеруші

20б

Дирижер

21а

Инженер-электроншы

21б

Секретарь-машинист

22а

Зооинженер

22б

Зоолог

23а

Спорт дәрігері

23б

Фельетоншы

24а

Троллейбус жүргізуші

24б

Медбике

25а

Көшірмеші

25б

Директор

26а

Сәулетші

26б

Математик

27а

Полицияның балалар бөлмесінің қызметкері

27б

Есепші

28а

Ұжымшар төрағасы

28б

Агроном,тұқым өсіруші

29а

Биолог

29б

Дәрігер

30а

Мұрағатшы(мұрағат жұмысшысы)

30б

Мүсінші

31а

Стенографияшы

31б

Логопед

32а

Экономист

32б

Дүкен меңгеруші

33а

Мұражай ғылыми қызметкері

33б

Консультант

34а

Корректор

34б

Сыншы

35а

Радиооператор

35б

Ядролық физика маманы

36а

Дәрігер

36б

Дипломат

37а

Актер

37б

Телеоператор

38а

Археолог

38б

Сарапшы

39а

Модельер

39б

Дизайнер

40а

Сағатшы

40б

Ғалым

41а

Психолог

41б

Ақын

42а

Режиссер

42б

Құрастырушы

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет