Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
Ақпараттық хабарлама
«Бейнелеу өнері» және «Сызу» бойынша
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы,
15 наурыз 2018 жыл
Құрметті мұғалімдер және оқушылар!
Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-інде педагогикалық факультетінің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы негізінде аймақтық, ЖОО ішіндегі конференцияларды, облыстық және қалалық олимпиадаларды өткізу шаралар аясында келесі пәндер бойынша:
11 сыныптар оқушылары арасында Облыстық олимпиадасы өткізеді.
Облыстық олимпиада Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-інде 2018 жылдың наурыз айының 15 жұлдызында сағат 9.00-де конкурс ретінде өткізіледі.
I кезең (іріктеу бөлімі, мектепішілік) олимпиадалық жарыс жалпы білім беру мектептерінде өткізіледі.
II кезең (финал) олимпиадалық жарыс академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-інің педагогикалық факультетінің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы негізінде өткізіледі.
Оған уақытында олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне өтініш берген командалар жіберіледі. Олимпиаданың өткізілу тілдері – қазақша, орысша.
Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласы мен облыстың жалпы білім беру мектептері мен көркемсурет мектептерінің, лицейлер, гимназиялар, мектеп-интернаттардың, I кезеңен (іріктеу бөлімі, мектепішілік) өткен 11 сыныптар оқушылары шақырылады. Олимпиадаға қатысу үшін, оқыту тіліне қарамастан, мектептен 2 қатысушы жіберу қажет («Сызу» пәніне 1 оқушы, «Бейнелеу өнері» пәніне 1 оқушы). Топ жетекшісінің болуы міндетті.
Әр қатысушы таңдаған пәніне сай практикалық жұмыстарды орындауға керекті барлық құралдар мен материалдарды: сызба құралдары (циркуль, түзу және үшбүрышты сызғыштар, қатты (Н) және орташа қаттылықтағы (НВ) қарындаштар, өшіргіш, ұштағыш т.б.), ақ және түсті қағаздар, А2 (420х594мм) пішіміндегі картон, қарындаштар, жапсырғыш шегелер (кнопки), тушь, акварель, гуашь, акрил, майлы бояу, пастель (автордың қалауына сай) т.б. өзімен бірге әкелуі қажет.
«СЫЗУ» пәні бойынша Олимпиада бір кезеңде өткізіледі:
практикалық тапсырма:
бөлшектің пішіні мен өлшемдерінің сөзбен сипатталуы бойынша сызбасын (бір проекцияда) орындау және аксонометриялық проекциясын тұрғызу.
Пішім өлшемдері – А3 (297х420мм).
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» пәні бойынша Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – үй тапсырмасы – «Менің сүйікті қалам» тақырыбы бойынша авторлық композиция. Жұмыс кез келген графика немесе кескіндеме техникасында орындалады. Өлшемі АЗ пішімінен (297х420мм) аз емес. Жұмыс ұйымдастыру комитетіне келгеннен кейін тапсырылады.
2 кезең – практикалық тапсырма:
«Астанаға – 20 жыл» тақырыбына графика немесе кескіндеме техникасындағы композиция. Пішім өлшемі А2. Материалдар: қағаз, картон, кенеп, майлы бояу, акрил, темпера, гуашь, акварель, пастель, графит қарындаштар, тушь, қаламұш т.б. (қатысушының таңдауы бойынша).
Олимпиадаға қатысу үшін мектептің бірінші жетекшісі растаған өтініш (1 қосымша) 2018 жылдың 10 наурызға дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: 100026, Қарағанды қ. Карбышев көшесі, педагогикалық факультет, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы, 11 ғимарат, 205 кабинет; немесе бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының электронды поштасына ksu_dizain@mail.ru жіберілсін.
Телефондар: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы 8(7212)-35-14-20
8-701-662-08-99; 8-708-910-69-47 (бейнелеу өнері бойынша сұрақтар);
8-701-267-47-33 (сызу бойынша сұрақтар).
Олимпиадаға қатысумен байланысты материалдарды, құралдар-жабдықтар мен шығындарды жіберуші жақ қамтамасыз етеді және төлейді. Олимпиадаға қатысушыларды алып келетін мұғалімдер мен оқытушылардың іссапарлық шығындарын төлеуді іссапарға жіберуші білім беру мекемелері жүргізеді. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен оларға ілеспе құжаттар қайтарылмайды.
Олимпиада жеңімпаздар, жүлдегерлері мен қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.
ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Қосымша 1
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқушылардың Облыстық олимпиадасына
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
Қаланың, елді мекеннің, білім беру мекемесінің толық атауы __________________________
_______________________________________________________________________________
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқушылардың Облыстық олимпиадасына
Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), сыныбы:
1. _____________________________________________________________________________
Команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), лауазымы
_______________________________________________________________________________
«Сызу» пәні бойынша оқушылардың Облыстық олимпиадасына
1. _____________________________________________________________________________
Команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), лауазымы
Почта байланысы үшін (пошта индексі көрсетілген ) мекен-жайы ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Телефондар (қала коды көрсетілен және мобильдік) ___________________________________
________________________________________________________________________________
Электрондық мекен-жай: __________________________________________________________
Қосымша мәліметтер мен тілектер __________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ұйым жетекшісінің қолы ______________________ Тегі, аты, әкесінің аты
МО
Достарыңызбен бөлісу: |