Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау



Дата21.05.2020
өлшемі37.61 Kb.

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті- білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Яғни, қазіргі білім беру концепциясының басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы өмірге белсене араласатын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, білім деңгейі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу.

Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Осы бағалаудың өз сабағымда екі түрінде қолданамын, бірақ екі түрін қолданған кезде қандай әдісті алсамда міндетті түрде алдымен бағалаудың критерийін, яғни шәкілін құрастырамын.

Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.

бағалауды енгізудің мақсаты: мектепте оқыту сапасын жоғарлату және мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

- Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

- Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

- Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

- Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

- Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

- Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

- Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

- Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

- Анық, айқындылығы

- Бағаның әділдігі;

- Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:

- Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

- Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

- Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

- Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

- Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

- Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары:

- Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

- Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .

- Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;

- Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;

- Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;

- Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;

Білім берудің сапасы артады.

Биылғы оқу жылында мектебімізде алғаш 1-сынып оқушыларымыздың критериалды бағалау арқылы ІІІ тоқсандық бағасын шығарды. Оқушыларға да, ата-аналарға да, 1-сынып мұғалімдеріне де алғашында қорқыныш, үрей болғанымен бағалау нәтижесі өте жақсы болып, әр оқушы өзінің тиісілі бағасын ақтап, қуанышты жағдай орын алды. 1-сынып ата-аналарының осы бағалау жүйесінің әділ әрі нақты екенін жалпы ата-аналар жиналысында айтып, басқа ата-аналардың осы бағалау жүйесіне деген сенімділігін арттыруы нұр үстіне нұр болды

Сондықтан да, критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған деп 1-сынып мұғалімі ретінде сеніммен айта аламын.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2- басылым.



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы - 2015 ж.

2. http://moodle.nis.edu.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет