Баланың қабілетін ашуға тырысыңыз. Әр бала өздігінше сабақ оқи біледі. Егер әр баланың өзінің қабілітне қарай тапсырма берілсе, ол балада саббаққа деген мотивациясы едәуір артады. Әр оқушының қабілетіне қарай жұмыс жасау үшін мұғалімнің сабақты басқару жүйесін түрлендіріп отырғаны абзал.
Балаға дұрыс мақсат қоюды үйретіңіз. Мотивацияны арттырудың бірден-бір жолы – оқушыға қолжетімді мақсат әртүрлі мақсат қоюға баулу. Мысалы, математикадан келесі емтихан бойынша үздік нәтиже көрсету немесе көбейту кестесін толықтай жаттау және тағы басқа. Сосын мақсаттарына дедлайн уақытын тағайындау керек. Сонда ғана баланың оқуға деген ынтасының артуына сеніммен қарауға болады.