Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең)
ІІ тур
11 - сынып
(Қазақ тілі мен әдебиеті)
Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.
Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғары ұпайы– 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.
№
|
Пән атауы
|
Мазмұны
|
1
|
Қазақ әдебиеті
|
«... деп ат қойылуының мәнісі – бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп, сөз қылып өтеді. Көп нәрсені сөз қылғанда әрқайсысына айналып, баяндап жатпайды. Түрлі шөптің басын шалып оттап, тоқтамастан желге қарай тартып бара жатқан мал сияқты».
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Үзінді келтірілген бұл туынды қалай аталады? Не мәселе туралы айтылған?
|
2.
|
Қазақ әдебиеті
|
а) Ұзақ әңгіме яки повесть туралы.
ә) Мерзімді әдеби басылымдар.
|
3.
|
Қазақ тілі
|
а) Қазіргі шешендіктің түрлеріне тоқталыңыз.
ә) Қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсыновтың шешендік сөз туралы пікірін айтыңыз.
|
4.
|
Қазақ тілі
|
а) Жарыспалы көп бағыныңқылы және сатылы көп бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
ә) Іскерлік хат дегеніміз не? Іскерлік хатқа қойылатын талаптарды тарқатыңыз.
|
5.
|
Тіл мәдениеті
|
«Өлең деген – әр сөздің ұнасымы...»(Абай).
|
Тапсырманың орындалу уақыты 90 минут
Достарыңызбен бөлісу: |