Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі21,22 Mb.
#195662
  1   2
Байланысты:
Төлебай Айдана.Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру

Орындаған:Төлебай Айдана


Адамдар мен қоғамның салауаттылығы — бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды.
Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі.
Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады.
Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды.
Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.
Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз?
Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да — әдет қалмайды»);
-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы — ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру күрделі, жүйелі үрдіс. Сондықтан оны жүзеге асыру төмендегідей мәселелерді шешілуін талап етеді:
— Құқықтық ортамен қамтамасыз ету
— Ақпарат рөлін арттыру;
— Салауаттанудан білім беру рөлін күшейту, білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық құру;
— Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданбалы зерттеулердің рөлін арттыру.
Мектептерде салауатты өмір салтын қалыптастыру төмендегідей мүмкіндіктер тудырады:
1) балалар мен жастар денсаулығын нығайту;
2) гигиеналық сауаттылықты арттыру;
3) денсаулықты сақтау әдістері мен қағидаларын қалыптастыру;
4) салауатты өмір салтының негіздері мен түрлерін танып білу;
5) психопрофилактика және психогигиенаның әдістерін қолдану;
6) өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікті арттыру;
7) оқушылардың дене қимылдары белсенділігін күшейту;
8) түрлі жұқпалы және тәндік созылмалы аурулардың пайда болуынан сақтандыру;
9)ауырсындыратын әуестіктерге — темекі тартуға, алкоголь, есірткі заттарды пайдалануға
жиіркенішпен қарауға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет