Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет1/20
Дата26.01.2022
өлшемі461,01 Kb.
#115044
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж
3сынып-1 ТЖБ 1четв



Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі уақытта балалардың дарындылығы да модаға айналды. Барлық жерде таланттылар ізделініп, олардың таланттары дамытылып, ондай балаларға көмек көрсету қорлары ұйымдастырылуда. Бұл бүгінгі таңда көп уақытқа дейін дайындық іс барысында біздің елде болған емес. «Қабілетсіз бала жоқ» деген жалған ұран болды, барлығы да дарынды деп танылды. Ендеше, күллі бала табиғи тұрғыда дарынды болып өмірге келген болса, оларды тәрбиелеу, оқытудың жеке әдіс-тәсілін өңдеп мұғалімдер даярлаудың қажеті керек пе еді... Психологтардың пайымдауынша, баланың дамытушылық қажеттілігін арттыруға немқұрайлықпен қарауға мүлдем болмайды[10,41].Бізде дарынды балалармен жұмыс істеуде оларға мүмкіндік жасау, арнайы мектептер ашу, ерекше бағдарламаның жасалуы барша балалардың теңдігіне, ізгіліктгіне нұқсан келтіреді деген ой әлі де бар. Қоғамда «жалпы дарындылық» деген көзқарастан ойысып, әрбір жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігіне, олардың бірін-бірі қайталамайтындығына, әр балаға сыйластықпен қарауға бет бұру керек. Өйткені, әр адам өз болмыс-тіршілігімен бір-бірінен ерекшеленеді. Батыс пен біздің елдегі бұл терминология тарихта көптен бері зерттеліп келе жатқанымен, әлі түбегейлі, толық мағынасы ашылды деуге келмейді. Дарындылық деген түсініктің бірнеше қыры бар: тұқымқуалаушылық, ақыл-ойдың даму деңгейі т.б. [37,59]

Дарындылық тек қана ақылдылықпен шектелмейді, ол адамның жеке тұлға ретіндегі жалпы дамушылық деңгейі. Дамыған қабілеттілігімен, мінез-құлқымен және өмірді танып-білуімен адам ерекше. Ол өзгелермен қарым-қатынасын өзгеше құрып, басқаша еңбектенеді. Дарынды адаммен немесе дарынды баламен қарым-қатынас жасауда ең алдымен оның бойындағы дарындылық қасиетін іске асыруға жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, дарынды баланың өзгелерге ұқсамайтын шығармашылық және интеллектуалдық күш қайратын тануға жол ашылды. Тағы бір ескеретін жай, көбіне біз балалардың өз құрбы-құрдастарынан алда тұруын немесе өмірді тез қабылдауын «дарын» деп танимыз. Шындығында бұл құптарлық жағдай. Дегенмен, ата-ана мен ұстаздарға қиындық туғызатын дарындылықта бар. Бұл дарындылық стандартты көзқарастағы емес және шаблондық ойлау емес. Мұндай балалармен жұмыс жүргізу әсіресе ұстаздарға қиындық туғызады. Бұған мұғалімдік мамандықтың кейбір ерекшеліктері қайшы келеді десек болады: ол барша оқушыны жалпы адамдық өмір тәжірибеге оқытады. Бұған оның әр жыл сайын өз пәні бойынша берілетін білім мазмұнының қайталануы қосылады. Әрине бұл жағдайда дарынды баланы жан-жақты және терең тани білу өте қиын [43,47].Тағы бір ескеретін мәселе, «дарынды» баланың мінез-құлқы басқа балаларға қарағанда өзге, олар өз ортасымен қарым-қатынас жасауда қиыншылыққа тап болады. Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде мұғалім кей жағдайда өзінің туа біткен қасиеттерін шетке қойып, баланың ыңғайына көшуі керектігін айтсақ артық болмас еді.

Дарынды оқушылармен алғаш жұмыс жүргізу кейбіреулерге таңғажайып болып көрінеді. Алайда, бұл олай емес. Көптеген дарын иелерін көпшіліктен айырып, тани білу үшін үлкен тәжірибе, біліктілік керек. Және мұндай балалармен жұмыс істеу үшін арнайы психологиялық дайындық қажет. Дарынды бала – бүкіл әлем, балалықтың ерекше әлемі. Дарындылық деген не?. Сирек кездесетін жеке-тұға ма, әлде әлеуметтік шындық па? Дарынды балаларға қалай қарау керек? Оларға арнайы көзқарас, тіл табысу, зерттеу керек пе?. Ата-аналардың, мұғалімдердің және балалардың көпшілігіне дарындылық әлі де жұмбақ болып қалуда. Ал қоғамға дарындылықтың ғылыми негізі емес, оның өмірдегі шындық іс-әрекеті, оны айқындау жолдары және әлеуметтік іске асырылу мәселелері қажет. [54,56]

Бүгінгі дарынды балаларға қамқорлық- ертеңгі ғылым дамуына және мәдени -әлеуметтік өмірге қамқорлық. Қазір мұндай балаларды анықтауға, олардың өз қабілеттерін іс-жүзіне асыруларына мүмкіндік жасауға бағдарламалар дайындалуда. Балалардың дарындылық қабілеттері мәселесімен шет елдік және отандық психологтар жұмыс жүргізді. Бұл салада американдық Дж.Гилфордтың, П. Торренстың, Ф. Барронның күрделі зерттеулері көпшілікке танымал. Дж. Корролдың психологиялық идеяларын негізге ала отырып, кейінгі ізбасарлар дарынды балаларды оқыту методикасын жазды. Ерекше дарынды балаларды зерттеумен Ж. Брюко айналысты. («Дарынды балаларды психологиялық педагогикалық зерттеу және практика ») [32,стр.79]

Адам әрекетінің қай түрі болмасын оған ойлаумен қатар қиял керек. Кісі әрекетке кіріспестен бұрын өз еңбегінің жемісін қандай болатындығын көз алдына елестетіп отырады. Әр адам дұрыс қиялдап, армандай білсе, ол оның нәтижесін де дұрыс көреді деп сенеміз.Балалардың қиял өрісін дамыту менің тақырыбымның өзектілігі деп білемін. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалдарды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы нәрселер бізді түрлі елестеулерді қалыптастырады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады.

Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болуы адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрлерінен бастап, творчествалық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады [29,36,47].

Ойын үстінде ойын баланың творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап, аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетігінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.

Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жорыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт саналы мақсаттың болуы болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп дамып отырады.

Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңарып өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана иән психикалық процесс. Осы тұрғыда балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс-әрекеттеріне күшті әсер ететін жайт–олардың алдына белгілі практикалық міндеттердің қоюы. Матюшкин А..М. «Шығармашылық дарындылық концепциясы» және Шуманова Н.Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д. «Танымдылық жүйесін дамытудағы шығармашылық дарындылық» статьясында дарындылықтың мәселелерін қарастырады. [32,52]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет