Сөж тақырыбы:Қиял.Қиял түрлері



Дата30.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#106749
Байланысты:
культурология каз, 115221, 115221
  • СӨЖ
  • Тақырыбы:Қиял.Қиял түрлері
  • Орындаған:Абдрахман А.Г
  • Қабылдаған: Құсайнова М.А
  • Қарағанды 2011

Жоспар:

Кіріспе

  • Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт:саналы мақсаттың болуы,болашақты болжай алу,істейтін еңбектің нәтіжесін күні бұрын көре білу ,яғни оны өңдеп,өзгертіп,елестете алу –адам қиялына тән негізгі ерекшеліктер болып табылады.
  • Қиял

Қиял бейнелерінің жасалу турлері

  • Қиял бейнелерінің жасалу жолдары Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка тәсілдері жиі колданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған. Кдял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола . Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бсйнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады

Қиялдағы дара айырмашылықтар

  • Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне үқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дүрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмүнды келеді. Шындықка сай дүрыс қиялдай білетін адамдарда өмірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады.

Қиялдың дамыту жолдары

  • Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мүны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды .
  • Қиялдың турлері
  • Пассивтік
  • Активтік

Пассивтік қиял

  • Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.

Актив қиял

  • Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет. Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бүл келешектің қиялы болмай, бос лағу, қүрғақ қиял болар еді.
  • Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дүрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігітің дәрмені жоқ» деп өте тауып айтқан.

Қорытынды

  • Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып,еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз.Бұл қиял процесінің жемісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет