Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет5/20
Дата26.01.2022
өлшемі461,01 Kb.
#115044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж
3сынып-1 ТЖБ 1четв
Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2011 ж) - ең қажетті қорытынды нәтижелер және психологиялық педагогикалық бастау көздері қарастырылды.

Екінші кезеңде (2012ж) - дарынды балалардың қабілетін ұштаудағы эмпирикалық материалдар жиынтығы алынды.

Үшінші кезең (2012ж) – эмпирикалық материалдардың интеграциялық жүйесі, оқу материалдары мен зерттеу тәжірибелерінің мазмұны қамтылды.

Жұмыс құрылымы : дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен , қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ойлау процесін дамыту жүйесіндегі шығармашылық талант

    1. Шығармашылық талантқа жалпы мінездеме

Бірқатар жас ғалымдар тобы оның ішінде Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф.Баррон, К.Тейлор және т.б. бірнеше зерттеулер жүгізіп, соның нәтижесінде шығармашылық дарындылық психологиясының жаңа шекараларын анықтап, олардың дербес өзгешеліктер психологиясының теориялық зерттеулері және дифференциалды оқу аймағындағы жаңа оқу бағдарламаларының практика жұмыстарымен араласуына әкеліп соқты. 70-ж. басында дербес өзгешеліктер психологиясы практикалық ғылымға айналды. Бұл зерттеулер білім жүйесіндеде өзінің орынын таба біледі. Ал 70 жылдардың соңында және 80 ж. басында жаңа қолданбалы психология аймағы дамып, бұл – таланттылар психологиясы болып саналады, яғни бұл жерде таланттылардың сәби кезіндегі дамуы және оларға психологиялық көмек көрсетудің түрлері зерттелді.[41,43]. Дж. Гилфорд зерттеулерінен байқағанымыз, көптеген дарынды балалар мектепті тамамдауда ауыр депрессиялық көңіл-күй шегіп, өздерінің дарындылықтарын өзгелерден жасыруға тырысады. Дарынды балалар мектеп жағдайында дифференциялды оқудың болмауынан және бағдарламаның үйлестірілуінен көптеген қысымшылық көреді. (С.Марленд, 1972) 70 ж. соңында жекеменшік мектептермен бірге мемлекеттік мектептерде дифференциалды оқуға бет бұрды. 80ж. басында ірі халықаралық жоба өткізіліп, онда жоғары дарынды балалардың даму мүмкіншіліктерін болашақта анықтау, сонымен қатар осындай жағдайлардан шығу және ойнату қауіптері байқалады. [35 стр.95-102]

АҚШ-та дарынды жасөспірімдерді лидерлікке (озаттыққа) үйрету үшін арнайы курстар ашылды және дифференциалды оқу тереңдетілген бағдарламалардан топтарға, жаттығуларға және де басқа мәтін түрлеріне ауыстырылды. Дарындық диогностикасы және зерттеулерден кеңірек дамуы интеграциялық ұсынулар негізінде танымдық қабілеттердің дамуына әсер етті. 20 ж және 30 ж басында арнайы теориялық және эксперименталды сараптаманың тақырыбы болып табылады. В.Штерн дарындылыққа төмендегідей анықтама берді, яғни ақыл-ой дарындылығы дегеніміз - өзінің жалпы ойлау қабілетін жаңа талаптарға арнап, ойлау қасиеттерін жаңа мақсаттар мен өмірлік жағдайларға бағыттау.

Осындай анықтамалар дарындылықтың дифференциалды деңгейі болып табылады. Бұл жерде диагностикалық әдіс – тәсілдерінің таратылуына және өңделуіне аса зор көңіл бөлінеді. Сонымен бұл жердегі ең ерекше орын алып отырған ол А. Биненің балалардың интеллектуалды потенциалын анықтаудағы диагностикалық жүйесі. Осындай даму принципін жәй және интеллектуалды потенциалдың өлшеміне айналдыруы. Бұл өлшем интеллектуалды коэффинциент болып аталды. [18,22]

Біздің мемлекетіміздің дарынды балалардың оқу практикасы және зерттеулердің даму тарихи бірнеше кезеңдерден өтті, яғни қоғамдағы жағдайлармен психологиялық даму деңгейлеріне сәйкес келеді. Демек танымдық қабілеттерінің диагностикалық негіздері мен олардың баға деңгейі ғасыр басындағы дарындылық деңгейлерімен сәйкестенеді. Зрттеулердегі дарындылық проблемасы қабілеттілік психологиясы ретінде қаралғаны
Б.М. Те
плованың «Қабілеттілік және дарындылық» жұмысында анық және нақты көрсетілген. Біріншіден, қабілеттілік дегеніміз ол жеке – психологиялық қасиеттер, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Екіншіден, қабілеттілік жеке қасиеттер емес, керісінше кез-келген іс-әрекеттің өз дәрежесінде орындалуы. Үшіншіден, қабілеттілік белгілі бір адамның ептілігі мен шеберлігіне қатысты емес. Бұл проблеманың дамуы психологиялық дарындылықтың зерттеулерімен шығармашылық ойлау қаблеттерін жоғары деңгейде қарастырылуы оқу жүйесінің шешілінуіне әкеліп соғады. Шетелдік және отандық тәжірибелерді талқылай келе анықтағанымыз, ол әрбір мемлекетте оқу жүйесінің күрт қайта құрылуы, дарынды баланың өзіндік қасиеттерін еркін көрсету арқылы, өздерінің бірегей тұлға ретінде дамуына әкеледі. Шығармашылық танымдық процесі іздену - зерттеу белсенділігіне сүйеніп, осы проблемаларды анықтап, іс – қимылын болжамдауға, қойылған мақсат пен міндеттер аясында нақты алынған мәліметтер мен нәтижелерді бағалауға әкеледі. Р.Р.Чистякова бұл проблеманың шешімі қаралған жағдайларға байланысты элементтердің пайда болуы деп тұжырымдайды. Осыған байланысты творчестволық процесс аса маңызды роль атқарады және қиял елесіне сүйенуі арқылы әртүрлі болжамдарды құрайды. Бұдан келесі творчество туындап, әртүрлі қырсырынан қарастырылып түрлі түйіндеулер пайда болады. Шығармашылық ойлау пайда болған ой-пікірлерге сәйкес бағаланады. Сонымен қатар дивергентті ойлау бағалау компонеттерінің күшін нығайтып, жауап беруші мақсаттардың танымдылығын байқатады.

Шешімдердің таңдалуы осындай шығармашылық мінездемелерге негізделіп нақтыланып проблемалардың қайта өнделуін қарастырады. Шығармашылық нәтиже жаңалықпен байқалып осы қойылған міндет – мақсаттармен ұштасады. Шығармашылық процесс өзінің бастауын проблемалардың туындауынан алады. Осындай проблемалардың анықталуы және оның шешімдері тұлғаның ішкі себептерінен орын алады. Зерттеулерге көз жүргізсек, шығармашылық нәтижелерінің жетістігі нақты ойлау қасиеттерімен тығыз байланысты болып, шығармашылық тұлғаның бір кескіні ретінде қарастырылады [44,45]. Жабық күйде болуы шығармашылық процесіне тосқауыл қояды, өйткені сирек кездесетін ой-пікірлерге де әсері бар. Кейбір ғылыми болжамдарда белгісіздік орын алады, демек ол оның шешімін тауып, проблемалардың қайта өңделуін қарастырады. Жалпы шығармашылық дарындылық балалық шақтағы ерекше даму болып табылады. Себебі, шығармашылық қабілеттілік дамуындағы басты рольде түсінушілік процесі жатыр. Түсіну арқылы деректер арасындағы элементтер анықталады. Зерттеушілік түсініктеріне ой жүгіртсек Г.Д. Чистякованың шығармашылық дамуы түсінудің үш түрін белгілейді. Терең және барабар ұғымдар байқатқан оқушылар жан-жақты деректерге байланысты байланыстар құрап, болжамдау кезінде жоғары көрсеткіштер байқатып жинақты ақпаратты береді. Олардың ең маңызды бағыты болжамдау, өйткені ол орташа ақпаратты зерттеп, жеңіл шыққанын байқатады. [52, стр. 97]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет