Оқушылардың тірек-қимыл аппаратының анатомиясы, физиологиясы. Оқушылардың тірек- қимыл аппараты бұзылуының гигиенасы және алдын алу



бет4/5
Дата10.04.2022
өлшемі20,79 Kb.
#138699
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 апталық

4.Баланың белсенді қозғалыс жүйесі.
Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды:ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады, 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскензатты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру және қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Бұл күрделі жүйенің пайда болып дамуы ұзақ уақытқа созылады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші сигнал жүйенің пайда болып,, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдары қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет