Дәріс№8: Ерте балалық шақтың даму



Дата07.02.2022
өлшемі18,67 Kb.
#83086
Байланысты:
dd3f58f5ff1cd644da9e3eb1c0e601705f7c07c119249


Дәріс№8:Ерте балалық шақтың даму
Сәбиліктен кейін адамда жаңа кезең басталады - ерте балалық шақ ( 1 жастан 3 жасқа дейін). Сәбилік шақ баланы есту мен көру қабілеттіліктерімен қаруландырады. Бала денесімен жұмыс істей бастайды, қол қозғалыстарын басқарады. Ерте жаста бала енді әлсіз емес, ол өзінің қимылдары мен үлкендермен қарым-қатынасқа ұмтылуда барынша активтілік көрсетеді. Алғашқы жылында сәбиде адамға тән психикалық әрекеттердің алғашқы формалары қалыптасады.Келесі екі жыл – ерте балалық шақ кезеңі - балаға жаңа жетістіктер алып келеді.
Алғашқы үш жылда бала ұшыраған сапалы өзгерулер өте маңызды, сол себепті кейбір психологтар туылғанынан бастап ересек болуға дейінгі адамның психикалық даму жолының ортасы баланың үш жасы деп белгілейді.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, үш жасар бала үнемі заттар әлеміне кіреді, көптеген тұрмыстық заттарды қолдана алады және заттық әлемге бағалы қатынаста болады. Ол өз-өзіне қызмет ете алады, қоршаған адамдармен өзара қатынасқа түсе алады. Ол тіл арқылы үлкендермен және басқалармен қарым-қатынасқа түседі, мінез-құлықтың қарапайым формаларын ережелерін орындайды.
Бала психикасының дамуын анықтайтын ерте балалық шақтың негізгі жетістіктері болып саналатындар мыналар: денені игеру, тілді меңгеру, заттық іс-әрекеттің дамуы. Осы жетістіктер мынада байқалады:
дене активтілігінде, қимыл мен қозғалыстардың үйлесімділігінде, түзу жүруде;
арақатынасты және зеңбіректі қимылдардың дамуында, сөйлеудің қарқынды дамуында, орын басу мүмкіндіктерінің дамуында, символикалық әрекеттер мен белгілерді қолдануда;
көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және белгілік ойлау дамуында;
елес пен ес дамуында;
өзіндік «Меннің» шығуы және тұлғалық сезімнің пайда болуында.
Қарым-қатынас ерекшеліктері.Ерте жаста, әсіресе оның бірінші жартысында, бала әлеуметтік қатынастар әлеміне енді кіре бастайды. Ол анасы, əкесі және әжесімен қарым-қатынас арқылы нормативті мінез-құлықты игереді . Бірақ осы кезеңдегі мінез-құлық мотивтері саналы емес және маңыздылық дәрежесіне байланысты жүйеге реттелмеген. Тек бірте-бірте баланың ішкі дүниесі тұрақтылық пен анықтылыққа ие болады. Бұл дүние үлкендердің әсерінен қалыптасса да, бала бірден өзінен күткен адамдар мен заттарға деген қатынасты игере алмайды.
Мұнда көбісі үкендердің балалармен қарым-қатынасты қалай ұйымдастырғанына және осы қарым-қатынасқа қандай талаптар қойылуына
байланысты. Егер балалармен аз араласып, оларға деген қамқорлықты шектесе, онда олар бірден сөйлеу дамуынан артта қалады. Басқа жағынан, егер үлкендер балалармен қарым-қатынаста олардың бірінші жестінен ақ әрбір тілегін орындаса, бала ұзақ уақыт бойы сөйлеу қабілетінсіз жүре береді. Ал егер үлкендер баланы анық сөйлетсе және мүмкіндігінше өз тілектерін сөзбен жеткізсе ғана оларды орындайды.
Сөйлеудің дамуы.Ерте балалық шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүреді: үлкендердің сөйлеуді түсінуін жетілдіру және баланың өзінде белсенді сөйлеудің қалыптасуы.
Сөздерді көрсетілген заттарға және қимылдарға қатыстыра алу балаға бірден келмейді. Алдымен нақты зат пен құбылыс емес, жағдай түсіндіріледі. Бала үлкендермен қарым-қатынаста сөзбен анық қимылдар жасаса, басқа адаммен айтылған дәл осы сөздерге мүлдем жауап бермеуі мүмкін. Осылай, бір жастағы сәби анасымен қарым-қатынаста басына, мұрнына, көзіне, аяғына және басқа да дене мүшелеріне көрсете алады, бірақ адамдардың дене мүшелерін көрсету сұрауларына ол жауап бермеуі мүмкін. Бала мен ана өте тығыз байланыста болады, мұнда тек сөздер ғана емес, сонымен қатар жесттер, мимика, дауыс ырғағы және қарым-қатынас жағдайы - бәрі бірге әрекетке сигнал болады.
Баланың активті сөйлеуінің дамуы бір жарым жасқа дейін ақырын жүреді. Осы кезеңде ол 30-40 сөзден 100 сөзге дейін меңгереді және оларды сирек болса да қолданады.
Бір жарым жастан кейін бала ынталы бола бастайды. Ол үнемі заттардың атауын сұрап қана қоймай, сол заттарды білдіретін сөздерді де айтуға тырысады. Басында оған сөздік қабілеттіліктер жетіспейді. Бірақ кейін «Бұл не?» сұрағы үлкенге айтылған үнемі шарты бола бастайды. Сөйлеудің даму шапшаңдығы бірден артады. Екінші жылдың аяғына таман бала 300 сөзге дейін қолдана алады, үшінші жылдың аяғында 500-ден 1500 сөзге дейін.
Бір жарым жастан үш жасқа дейін баланың сөйлеуді тез меңгеруі үлкендермен қарым-қатынасқа психологиялық қосылуынан болады. Ол үлкендердің әңгімелерін зейінін қойып тыңдайды, оған қатысы жоқ болса да және ойнап жатса да. Бала тыңдаудан алатын қанағаты сөйлесіп жатқан үлкендерге жақындауға итермелейді. Сол уақытта бала үнемі үлкендерге , ең алдымен анасына қаратып сөздік қарым-қатынасын белсенді етеді. Бала үлкенге сұрақтар қояды, олардың жауабын түсінуге тырысады.
Ерте жастағы қарым-қатынас баланың үнемі керек ететін сұрауларынан тұрады және ол үлкеннің ұсыныстарына қарсылықтан білінеді. Бала өз ерігінің көзі өзі екенін ашады және еркін жақындарымен, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста қолданып көреді. Осы барлық әлеуметтік белсенділіктің түрлері бала үшін өте терең және маңызды, бірақ ол өзінің көп уақытын заттық әлемді үйренудегі заттық іс-әрекет пен құралды, соған сәйкес әрекеттерді меңгерумен өтетінін ұмытпаған жөн.
Дәл осы ерте жаста бала үлкеннің көңілін аударуды және оны ұстап тұруды меңгереді. Бұл әдістер тұтасымен әлеуметтік жағынан ұтымды, себебі бала үлкендердің реакцияларын жақсы рефлексиялайды, өзінің сәтсіздіктерін бірден түзейді. Бала бауыр басу мен симпатия сезімдерін білдіре алады, сонымен қатар ол қанағаттанбаушылық сезімін білдіре алады және жағымсыз жағдайдан шығу жолын іздейді. Өз жасына сай баланың шыдамды болуы және күте алуына қарамасатан, ол үлкеннен қамқорлықты күтумен өткен күшті сынақтардан өте алмайды. Ол бірден регрессивті реакция беруі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет