Беттік активті заттар



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі50,18 Kb.
#80881
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
БАЗ химиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

Беттік активті заттар -OH, -COOH, -O функционалды топтары мен гидрофильді және гидрофобты компоненттері бар органикалық заттар. Беттік активті заттар—фаза (орта) бөлімінің бетінде оның бос энергиясын (беттік керілуді) төмендетіп, жинақталуға қабілетті заттар. Беттік активті заттар өнеркәсіпте (мысалы, флотация кезінде) қолданылады, жуғыш заттардың, лактар мен бояқтардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің құрамына кіреді.
Беттік активті заттарорта қасиетін күшті өзгертеді, тіршілік процестеріне теріс әсер етеді.
Сонымен қатар беттік активті заттар дегеніміз еру кезінде еріткіштің беттік керілуін төмендететін заттар. БАЗ молекулаларының дифильділігі, яғни оларда полярлы (гидрофильді) және полярлы емес (липофильді, гидрофобты) бөлшектердің болуы – бұл молекулаларға ерекше қасиет беретін молекула құрылысының өзіндік ерекшелігі. Осы дифильділіктің қарапайым шегінде түрлердің, топтардың саны мен өлшемдерінің мыңдаған функционалды комбинациялары болуы мүмкін, ол БАЗ – ды топтау қажеттілігін туғызады. Маңызды болып гидрофильді топтардың ионогенді қасиеттері бойынша топтау табылады, ол БАЗ-дың 5 түрін көрсетеді:
1)Анионды (анион-активті)-полярлы еріткіште беттік активті анионды түзе отырып, диссоциацияланатын БАЗ;
2)Катионды (катион-активті) беттік активті катиондарды түзе отырып, диссоциацияланатын БАЗ;
3)Амфотерлі БАЗ (амфолитті) олардың молекулалары бірнеше полярлы топтарды құрайды және диссоциация кезінде сыртқы жағдайға байланысты (ең алдымен сулы ерітіндідегі рН мәніне) беттік активті аниондар мен катиондар беруге қабілетті;
4)Цвиттер ионды БАЗ- олардың полярлы топтары цвиттер иондар болып табылады;
5)Ионды емес БАЗ (ионогенді емес).
Алғашқы 3 түрі көбінде ионды (ионогенді) БАЗ деген ортақ атпен біріктіріледі. Цвиттер ионды БАЗ ионды және ионды емес БАЗ-дың арасындағы аралық орынды алады: бірақ, жалпы олардағы полярлы топ электробейтарап, оның қарама-қарсы зарядтары кеңістікте молекуланың басқа құрылымдық элементтерімен алшақтатылған.


Яндекс.Директ Атлас Анатомии Синельникова!newwave.msk.ru  Зерносушильный комплекс. Звоните!melinvest.ru 

Эффективті БАЗ тек дифильді қосылыс болып қана қоймай , сонымен қатар оптимальды гидрофильді – липофильді балансты қосылыстар да болуы керек (ГЛБ), сондай-ақ белгілі бір баланс жасаумен қатар, гидрофильді және липофильді күштер шамасы да маңызды. БАЗ молекулаларының құрылысының мұндай ерекшеліктері БАЗ-дың ерітінділерінде мицелло түзу қабілетімен анықталады.


1.Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас…
Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:
Сабының сақар болды дені келін,
Көрмедің шыбын құрлы мені келін
Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердіңсабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылғанӘбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны жәнеВизантияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта АзияныңАсбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл C-та балқиды; ыстық суда,°қатты заттар, 220 — 270 органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге R—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды®ұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOH глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады
Сабын молекуласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет