Байланысты: 7 Райыс Айжан Амалбекқызы Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика түрлерінің техникалық негіздері. Жүру мен жүгіру техникасының негіздері.
Балалардың әрекет мүмкіншілігі табиғи өз бетінше ойнау және мектепте мақсатқа бағдарланған шынығуларды орындату арқылы дамиды. Әрекет сапасы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әр дәрежеде дамиды. Сондай-ақ жыныс ерекшеліктеріне де байланысты. Осыларды есепке ала отырып, дене тәрбиесі пәні мұғалімі оқушыларда әрекет сапасын дамыту жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс. 10-13 жастағы балаларда ми іскерлігінің сезуі (көруі) мүшелерінің мүмкіншіліктері үлкен адамдардың көрсеткішіне жақын дамиды, ал жүйке, бұлшық еттерінің қимылы үлкен адамдармен бірдей болады. Бұл шапшаңдықтың дамуына ұнамды жағдайды пайда етеді. Мысалы, жаңа әрекеттерді тез үйренуі, әр түрлі жағдайда әрекет іскерлікті орында пайдалануды тез шешу т.б.
Шапшаңдықты екі жолмен дамытуға болады:
1. Мектеп бағдарламасындағы бағдарламаны үйреткен кезде олардың денеге әсер ету мөлшерін қайталауын жалғастыруын таңдап анықтау арқылы жылдамдықтың дамуына әсер етуі мүмкін. Әрине әрбір жаттығу құрылымы бойынша жылдамдыққа әсер жасау ерекшеліктеріне ие.
Гимнастикалық жаттығулар көпшілік жағдайда оқушыларда кеңдік, күш қасиетін дамытады, ойын өзгермелі жағдайда әрекеттерді бақылау, тез орындау, зейінін дамытады. Оқушыларды үйрету жұмысында әрекеттерді жиі, қиындастырып бару керек Сондай-ақ шапшаңдықты дамыту әр түрлі жағдайда түрлі әрекеттерді орындауды талап етеді. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру т.б. Әр бірсабақта жалпы дамыту жаттығулардың ішіне мүмкіншілігі барынша акробатикалық жаттығуларды енгізген дұрыс болады Әр сабақтың соңында әрекетті ойындар үшін бірнеше минут бөлген пайдалы болады.
2. Шапшаңдықты дамыту үшін әрекеттерді таңдап алуы қажет.
Көпшілік жағдайда ол уақыт және кеңдікті сезуді, бұлшық ет керілуін жетілдірумен байланысты. Шапшаңдықты дамытуға әр түрлі жаттығулар пайдаланылады. Бұлардың міндеті денені дұрыс ұстау (мұғалімнің көрсеткені бойынша), әр түрлі жағдайда секіріп белгіленген орынға түсу, ойланып орындалатын жаттығуларды иілуді (қол, аяқтарды тіреп күш алатын жаттығуларды т.б. көбірек орындату талапқа сай болады).
Сонымен қатар оқушылардың координациялық ұқыбы дамиды. Олар жаттығу күрделілігінің өсіп бару жағдайында орындау арқылы жетілдіріледі.
Циклді әрекеттердің координациясы жүру және жүгірудің түрлерін орындау.
Қол әрекеттерінің бір уақытта бір бағдарға қарай орындалуы. Мысалы, екі қолды алға, оңға, солға, жоғарыға созып әрекет ету.
Қолдардың бір уақытта әр түрлі бағдарға әрекет етуі. Мысалы, оң қол алға, сол қол кейінге және керісінше.
Қолдарды реттестіріп әр бағдарға әрекет етуі. Мысалы, оң қолды оң жаққа, сол қолды сол жаққа созу, оң қол жоғарыға, сол қол жоғарыға, оң қол немесе сол қол төменге әрекет етуі. Сондай-ақ оң қол оң жақка, сол қол сол жаққа, оң қолды алдыға созып әрекеттің орындалуы, оң қол жоғары сол қол төменге, т.б. әрекеттердің орындалуы [19].
Әр түрлі бағдарда айланба бағдар әрекетті орындау. Мысалы, екі қолды созып кеудемен оңға, солға айналмалы әрекеттер т.б.
Мұғалімнің жаттығуларды көрсетуі, мұғалім оқушыларға қарап тұрып әртүрлі әрекеттерді орындап көрсетеді, оқушылар көрсетілген әрекеттерді бірге орындайды. Бұл жаттығулар оқушылардың координацияны және назар аударуды талап етеді. Алғашқы жаттығулар жаймен орындалады, кейін жылдамдығы асырылады.
Қол, аяқ әрекеттерінің реттесуі, шапшаңдық белгілерінің бір орында тұрған кезде тең салмақтықтың сақталуы. Бұндай әдістерді дамыту үшін гимнастикалық скамейканың үстінде тік тұру, жүріп бара жатқанда әр түрлі жаттығуларды орындау, бір аяқтың үстінде отырып жаттығуларды орындайды.
Шапшаңдықты дамыту жаттығулары сабақтың негізгі бөлімінің басында беріледі. Себебі сабақтың даярлық бөлімінде бұлшық ет жаттығуларына дайындалмайды, балалардың назар аударуы күшті және дене шаршамаған кез. Оқушылардың көбірек, уақытын сезушілік әрекеттер координациясын тұтас дамытуға бөлу қажет. Сабақ үстінде шапшаңдықты жан-жақты дамытатын жаттығуларды таңдап алып пайдаланған мақұл болады және оларды күрделендіріп жылдам орындалуын талап етіп бақылап барған дұрыс болады.
Дене даярлығы дене тәрбиесінің белгілі бір іс-әрекет түріне сәйкес дене қабілетін жетілдірудің қолданбалы бағыттағы түрі. Дене тәрбиесі ерте заманда қоғамның адамдарды еңбекке даярлау сұранысына сәйкес пайда болды. Қоғам дамыған сайын адамның қозғалыс мүмкіндігін қалыптастырушы фактор ретінде дене даярлығына қойылатын талап та күшейтілді. Біртіндеп келе аталған мақсаттағы дене даярлығы «жалпы дене даярлығы» деген мағынаға ие болуы (ЖДД). Сонымен қатар, спорт саласында жалпы және арнайы даярлық ұғымдары пайда болды. Қорыта
айтқанда, дене даярлығы дегеніміз - өмірлік маңызды және қолданбалы білік пен дағдылар деңгейі.
Дене дамуы ағза функциясының өзгеру заңдылығы. Бұл процесс сапалық және сандық өзгерістермен анықталады. Сандық өзгеріс дегеніміз- дене бітімі мен дене салмағы көрсеткіштерінің өзгеруі.
Сапалық өзгеріс – белгіленген дене қасиеттерінің (күш, жылдамдық, шыдамдылық, жұмысқа деген қабілеттің өзгеруі)
Ағза үздіксіз жас эволюциясына ұшырайды. Адам өмірінің әр кезеңіне сәйкес, дене дамуының өзіндік көрсеткіштері тән. Бұл көрсеткіштер прогрессивтік өзгеріс немесе ағзаның физиологиялық қартаюына әкелетін регрессивтік өзгерістер болуы мүмкін.
Балалық және жасөспірімдік шақ адамның барлық органдары мен жүйелерінің дамуы және белсенді зат алмасуымен ерекшеленеді.
Дене дамуы әлеуметтік, биологиялық факторларға да қатысты. Осы факторлар әсерінен дене жан-жақты немесе үйлесімсіз дамуы мүмкін. Дене даму көрсеткіштері қоғамдағы өмір сапасына тікелей ықпал етеді. Дене дамуы туу көрсеткіші, ауру және өлім көрсеткішімен қатар, қоғамдағы әлеуметтік саулықтын басты белгісі болып табылады.
Ағза үздіксіз жас эволюциясына ұшырайды. Адам өмірінің әр кезеңіне сәйкес, дене дамуының өзіндік көрсеткіштері тән. Бұл көрсеткіштер прогрессивтік өзгеріс немесе ағзаның физиологиялық қартаюына әкелетін регрессивтік өзгерістер болуы мүмкін.
Балалық және жасөспірімдік шақ адамның барлық органдары мен жүйелерінің дамуы және белсенді зат алмасуымен ерекшеленеді.