Пәннің негізгі міндеттері: - Теория, оқу әдістемесін және жаттықтыру білімін алу, жеңіл атлетиканың негізгі түрлерін, ептілігін, және оқу әдістемелік қабілетін көрсету, жергілікті халықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әртүрлі жастағы топтарға әдістемелік денешынықтыру және спорт мамандығын даярлау, сонымен қатар әртүрлі даярлықтағы адамдармен денешынықтыру және спорт сабағын өткізеді.
Жеңіл атлетика түрлерінен тереңдете білім алу үшін мына пәндер: анатомия, физиология, педагогика, психология, биомеханика, денешынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесінен білім алуы қажет.
Жеңіл атлетика түрлері және олардың өзара байланыстарын меңгеру пәндер тізіміне сондай-ақ морфология спорты, спорттық медицина, жасөспірімдер физиологиясы, спорт физиологиясы, биохимия пәндері кіреді.
Жеңілатлетиканың дағдылары мен ерекшеліктерін қалыптастыру қасиеттерін ескеріп, оның міндеттерін анықтау, моральдық және ерік сапаларын тәрбиелеу Денсаулықты нығайту, дұрыс дене дамуына жағдай жасау, күш, шапшандық, төзімділік, ептілік, икемділік тәрізді негізгі қимыл сапаларын дамыту Оның әдіс тәсілдерін жетік меңгеру. Жарыс жағдайында өтетін сабақтарда алған барлық білімін іскерлікпен жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |