Оқушыларға стандартты емес шарттармен берілген есептерді анықтауға көмектесетін жаңа терминдерді енгізу, логиканы күнделікті өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету
Оқушыларға стандартты емес шарттармен берілген есептерді анықтауға көмектесетін жаңа терминдерді енгізу, логиканы күнделікті өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету, есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету, соның ішінде тұрмыстық есептерде конструктивті ойлайтын оқушыларды айқындау. Олимпиадалық есептерді шешу барысында алған білімдерін практикалық түрде пайдалана білу.
Оқушының ойын дамыту;
Кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;
Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
Оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау,
бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;
Оқушылардың стандартты логикалық
операцияларды жылдам және дұрыс орындау
іскерлігін дамыту.
Логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып,
оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастыру.
Мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы
қарым –қатынасты сақтау.
Жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуына күш салу.
Берілген есепті классификациялау, қарапайым есептерді құрастыру.
Логикалық есептерді әртүрлі тәсілдермен шеше білу.
Мүмкін варианттарды графтар, схемалар және кестелер арқылы таңдау.
Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.
Берілген құрал бойынша есептердің негізгі тақырыптарына
сандар теориясы,ойын теориясы, мәтіндік есептерді шығару, логикалық есептер,
кесте, граф бойынша берілетін есептер енгізілген.
Математикалық логика дағдысын қалыптастырудың 5 – 7 сыныптар бойынша көрсеткіші
Логика (гр.λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Олимпиадаға дайындалуға ұсынылатын логикалық есептер
Логикалық тест тапсырмалары
2
2
2
2
2
2
2
2
1
2
2
2
3
2
2
3
1
«Теңдеулер шешу» тақырыбына
ұсынылатын есеп:
.
Мысал
Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасың . Ол кісі неше жаста ?
Шешуі: Х – жаста дейік. Сонда 3 жылдан кейінгі жасы (х+3) және 3 жыл бұрынғы жасы (х – 3 ) болады
3 (х+3) - 3(х – 3 ) = х
3х+9 – 3х+9 – х =0
х - 18 =0
х =18
Ойын-сауық кешінде 20 биші болған. Мария жеті жігітпен, Ольга сегіз жігітпен, Вера тоғыз жігітпен билеген, ал Нинаның өзі жігіттердің барлығымен билеген. Ойын-сауық кешінде қанша биші жігіт болған?
Ш ешуі:
Егер белгісізді сәтті таңдап алса, есеп өте оңай шешіледі. Биші жігіттердің саньн емес, биші қыздардың санын іздейміз, оны х арқылы белгілейік:
1- Мария 6+1 жігітпен биледі
2- Ольга 6+2 —»—
3- Вера 6 + 3 —»—
х- Нина 6 + х—»—
Мынадай теңдеу құрамыз: х+(6 +х) =20, бұдан х=7,
сондықтан биші жігіттердің саны: 20 – 7 = 13.
Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешудің жолдары.
Мысалы: «Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»
Шешуі:2·8=16+8+6+6=36=6·6
Ұлттық мазмұнды есептер адамдарды аңғарымпаздыққа, алғырлыққа, ой ұшқырлыққа тәрбиелейді.
Есеп. Егер сіз қай жылы туғаныңызды білгіңіз келсе:
Туған жылға 9 – ды қосып, 12 – ге бөлгендегі қалған қалдығы
өзіңіздің туған жылыңыз (қазақша) болып шығады.
Қазақша жыл аттары:
1. Тышқан
2. Сиыр
3. Барыс
4. Қоян
5. Ұлу
6. Жылан
7. Жылқы
8. Қой
9. Мешін
10. Тауық
11. Ит
12. Доңыз
Мысалы: Менің туған жылым 1994 жыл.
І. Қазақша қай жылға келетінін білу үшін 9 – ды қосып,
12 – ге бөлейін.
1) 1994 + 9 = 2003
2) ит жылы туған екенмін
Олимпиадаға дайындалуға ұсынылатын логикалық есептер:
Мұғалім оқушыларға 415327 және 8373 сандарының көбейтіндісін табуды берді. Жәнібек есепті бірінші орындап, жауабы 328363624 деді.
- Сонда да оның қате екенін көріп тұрмын, -деді Алишер.
- Кімдікі дұрыс?
Шешімі: Алишер дұрыс айтты.
1)Соңғы цифралардың көбейтіндісі бірге аяқталуы керек.
2)Екі тақ санның көбейтіндісі тақ санға аяқталуы керек.
Математикалық логика– баланың интелектісін, дербес ойлауын, шапшаңдылығын, жан –жақты ойлауын, зеректілігін дамытуға бағытталған. Математикалық логиканы жоғары деңгейде білу көп еңбекпен келуі қажет. Сондықтан логика көп ізденісті, ойлауды талап етеді. Әр түрлі логикалық есептерді шешуді жүзеге асыруда мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдерін көрсету.