Мерзімі: ------------------ Сыныбы: -------------------- Пәні:----------------------------
Оқушының аты-жөні: ---------------------------------------------------------------------------
Балл саны: 20
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбын атаңыз.
А. әділдік
В. батырлық
С. махаббат
Д. ынтымақ
[1]
2.Батырлар жыры әдебиеттегі қандай жанрға жататынын анықтаңыз.
А. драмалық
В. лирикалық
С. трагедиялық
Д. эпостық
[1]
3.«Бұл не қылған дауыс?» деп, Қобыландының Естемістен сұраған сұрағына Естемістің жауабын табыңыз.
А. ... Бұл сапарға бармасын, Бұл олжадан алмасын.
В. ...Тақымға салып сүйретіп, Қабырғасын күйретті.
С. ...Теңгені атып түсірген, Құртқаны сұлу сол алар. Д. ...Көктім Аймақ патшасы, Кезекті бұған береді.
[1] 4. « - Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны - өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды...» деген үзінді ертегінің қай бөлігі екенін анықтаңыз.
А. Кендебайдың аралға баруы.
В. Кендебайдың биені күзетуі.
С. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы.
[1]
«... Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз», - дейді. Әңгімедегі қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңыз.
А.хан
В. кемпір
С. екі бала
Д. жетім бала
[1]
6.Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі ерекшеліктерді анықтаңыз, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ [2]
Қарлығаның Қобыландыға көмектесуі дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.
________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2]
Кендебай батырдың бойынан қандай ерекшеліктерді көре алдыңыз? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2]
Шығармада «Асан қайғы Желмая мініп желдіртіп,Сарыарқаны аралап жүргенде жерге айтқан сындары мынау екен...» делінген. Асан қайғының жерге айтқан сындарымен келісетіндігіңізді немесе келіспейтіндігіңізді білдіре отырып, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2]
«Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті...» деген үзіндідегі ертегіге тән сипаттарды анықтаңыз. Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.
________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2]
11.«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызындағы автор идеясын анықтап, сараптама жасаңыз. 40-50 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды дәлелдеп, жазба жұмысын жазыңыз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ [5]
Достарыңызбен бөлісу: |