Оқушының аты-жөні____________________________Күні____________ Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күші мен күшке төзімділігі. Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне оның жұмысының тәуелділігі.
Мәселелік сұрақ:Бұлшықеттер неліктен шаршайды? Бұлшықеттің қажуы дегеніміз не?
Теориялық мәлімет: Бұлшықеттердің жиырылуы үшін АТФ энергиясы қажет. Қалыпты жағдайда бұлшықеттер оттегінің қатысымен АТФ түзеді (аэробты тыныс алу). Бұлшықет жасушаларына оттегі жетіспеген жағдайда анаэробты тыныс алу жүріп, сүт қышқылы түзіледі. Бұлшықеттер тез жиырылып жазылғанда көп мөлшерде түзілген сүт қышқылы олардың жиырылу қабілетін төмендетіп, бұлшықеттің қажуы туындайды. Яғни бұлшықет мүлдем жиырыла алмайды. Осы құбылысты бұлшықеттің қажуы деп атайды.
Қажетті құрал-жабдықтар:секундомер, қыстырғыш
Жұмыс барысы Қ ыстырғышты доминантты (үнемі пайдаланатын) қолдың бас бармағы мен сұқ саусақпен ұста.
Қыстырғышты осы екі саусақпен 20 секунд ішінде неше рет ашып-жұма алатыныңды есепте. Қолдың басқа саусақтары түзу тұрып, бүгілмеу керек. Жаттығуды тез және толық жұмып-ашу арқылы жасау керек.
Осы жаттығуды 20 секундтан 6 рет қайтала. Нәтижелерін төмендегі 1- кестеге енгіз. Жаттығу жасау барысында үзіліс жасамау керек.
1,2,3, қадамдарды доминантты емес қолыңмен жасап қайтала.
Алынған нәтижелеріңді график түрінде бейнеле.
Жұмыстың мақсаты:
Қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу.
Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне оның жұмысының тәуелділігін зерттеу.
Бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы өзара байланысты қарастыру.
Тәуелді айнымалы:_________________________________________________
Тәуелсіз айнымалы:________________________________________________
Жаттығуды жасаудың әрбір кезеңінде бұлшықеттеріңде қандай өзгерістер болды?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жаттығудың соңғы кезеңінде сенің қолың мен саусақтарың нені сезді?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Алынған нәтижелерің доминантты және доминантты емес қолдарың үшін бірдей болды ма? Себебін түсіндір.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігі туралы не айтуға болады?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сендердің бұлшықеттерің 10 минут демалыстан соң қалпына келе бастайды. Себебін түсіндір. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________