Оқушының аты-жөні Сыныбы Тоқсандық жиынтық бағалау барысында қарастырылатын оқу мақсаттары



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі33,29 Kb.
#121733
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7-кл СОЧ қт №1

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

    1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі ақпаратпен таныса отырып, өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, болжамыңды айт.

    2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 проблемалық сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.


Қазақстанның дәрілік өсімдіктері [10]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүниежүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қабылдауда.
Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.
Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецепттерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде дәрілік өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.

2-мәтін





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет