Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, тақырып бойынша жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
[10]
«Көшпенділер мәдениеті» қалай дамыды, оған нені жатқызады? Өз ойыңды тұжырымдап эссе жаз
«Бірінші байлық-денсаулық» дегенді қалай түсінесіз? Ойыңызды өрбітіп, аталған тақырыпқа мақала жазыңыз.
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.
Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
7-8
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.
Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.
Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама- қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.
Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.
Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.