Овогенез – образование женских половых клеток



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата26.12.2022
өлшемі2,33 Mb.
#164543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№ 3 Практикалық сабақ.

СПЕРМАТОГЕНЕЗ
-
аталық
жыныс
жасушалардың
(сперматозоидтардың)
түзілуі, ол
аталық
жыныс
бездерінде
жыныстық жетілуден кейін (постэмбриональді кезеңде) жүреді.
ОВОГЕНЕЗ
– аналық жыныс жасушалардың (овоциттердің) түзілуі,
ол
аналық
жыныс бездерінде жүреді, эмбриональді кезеңде
басталып,
постэмбриональді
кезеңінде жалғасады.
Сперматогенез бен овогенезді толық зерттеу аталық және аналық жыныс
жүйелерінің жеке гистология курсы аясында жүзеге асырылады.


Аталық және аналық жыныс жасушалары (гаметалар)
СПЕРМАТОЗОИД
Адамның аталық жыныс жасушалары –
сперматозоидтар немесе
спермиялар, ұзындығы шамамен 70 мкм, басы және құйрығы болады.
Сперматозоидтың басында цитолемма рецепторы анықталады, оның
көмегімен ол аналық жыныс жасушасымен әрекеттеседі.
Сперматозоидтың басы
сопақша тегістелген пішінді, құрамында
хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар, кішкентай тығыз ядросы
болады. Адам сперматозоидының ядросында
23 хромосома болады..
(Олардың
біреуі жыныс хромосома – Х немесе Y, қалғандары-
аутосомалар). 50% сперматозоидтарда
Х – хромосома, 50% – Y –
хромосома болады. Ядроның алдыңғы жағы сперматозоидтың тысын
құрайтын жайпақ қаппен қапталған. Онда
акросома
орналасады.
Сперматозоидтың тысы мен акросома Гольджи кешенінің туындысы
болып табылады. Акросомада ұрықтандыру кезінде аналық жыныс
жасушасын қаптайтын қабықшаларды ерітуге қабілетті ферменттер
жиынтығы бар, олардың арасында негізгі орынды гиалуронидаза және
протеазалар алады.


Сперматозоидтың құйрық
бөлімі байланыстырушы, аралық, негізгі
және терминалды бөлімдерден тұрады. Байланыстырушы бөлімде немесе
мойнында
центриольдер
орналасады,
ядроға
жақын
орналасқан,
проксимальды
және
дистальді
центриольдың
қалдығы.
Осы жерде осьтік жіпше басталып, аралық, негізгі және терминалды
бөлімдерге жалғасады. Аралық бөлімінде 2 орталық және 9 жұп шеткері
микротүтікшелер болады. Микротүтікшелерден жұп өсінділер немесе
«қолдар» шығады, олар АТФ-лық белсенділікке тән, динеин нәруызынан
тұрады.
Динеин
митохондриялар
өндіретін
АТФ-ты
ыдыратады,
спермияның қозғалуына қажет химиялық энергияны механикалыққа
өзгертеді. Сперматозоидтың терминалды немесе соңғы бөлімінде аксонема
қалдығы болады, ол саны біртіндеп азаятын, жеке-жеке орналасқан
микротүтікшелермен аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет