Овогенез – образование женских половых клеток


Дамудың алғашқы кезеңдеріндегі адам ұрығы (Герта мен Рокка бойынша



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата26.12.2022
өлшемі2,33 Mb.
#164543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№ 3 Практикалық сабақ.

Дамудың алғашқы кезеңдеріндегі адам ұрығы (Герта мен Рокка бойынша
)
А- екі бластомердің сатысы; В- бластоциста; 1- эмбриобласт; 2- трофобласт; 3- бластоцист қуысы.
Бөлшектену
Бөлшектену –жаңадан пайда болған жасушалардың аналық жасушаның көлеміне дейін
өсуінсіз өтетін, зиготаның жасушаларға (бластомерлерге) митоздық бөлінуі. Адам
зиготасының бөлшектенуі толық, біркелкі емес, асинхронды болып сипатталады.
Митоздық бөлінудің барлық сатыларын өтіп, зигота екі жаңа жасушаларға
бластомерлерге бөлінеді. Бірі күңгірт және ірі бластомер – ЭМБРИОБЛАСТ деп
аталады, ал ұсақ және ашық бластомер– ТРОФОБЛАСТ деп аталады. Эмбриобластан
ұрық және ұрықтан тыс мүшелер дамиды (хорион, плацентаның ұрық бөлігі, амнион,
сарыуыз қапшығы, аллантоис). Жасушалардың бөлшектенуі кезінде эмбриобластан
қарағанда трофобласт тез бөлінеді. Нәтижесінде трофобласт жасушалары эмбриобласт
жасушаларынынан тыс өседі. Сондықтан пайда болған клеткалық масса – МОРУЛА екі
топ жасушадан тұрады. Ішінде эмбриобласт жасушалары, сыртында трофобласт
жасушалары орналасады.


Бөлшектенудің жіктелуі
зигота бөлінуінің толықтығы бойынша

толық
- зигота толығымен бөлініп, екі бөлек жасуша пайда болады

толық емес
- бөліну кезінде жаңа жасушалар толығымен бөлінбейді және
жеке жасушалар пайда болмайды
пайда болған бластомерлердің мөлшері бойынша

біркелкі
- бластомерлердің өлшемдері бірдей

біркелкі емес
- бластомерлердің өлшемдері әртүрлі
бөлінулер арасындағы уақыт аралықтары бойынша

синхронды
- барлық бластомерлердің бөлінулер арасындағы интервалдар
бірдей

асинхронды
- барлық бластомерлердің бөлінулер арасындағы
интервалдар әртүрлі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет