Оз-101 топ. Курмангалиев Нурдидар. Тарих дегеніміз не?



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,77 Kb.
#124164
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№1 Тарих

7.Тарихнама дегеніміз не?

Тарихнама — тарих ғылымының даму тарихы, сонымен бірге бұл ұғым өзге де ғылым түрлеріне қатысты. Тарихнама — ғылымның белгілі бір түрі қай ғасырда пайда болды, қай ғасырдан бастап зерттеле бастады, ғалымдар осы ғылым саласы бойынша қандай еңбектер жазды, соны зерттейді. Дегенмен «тарихнама» деген атау ең алдымен тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын, өзекті мәселелерін қарастырады.




8.Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи қайнар көздері және тарихнамасы.

Тарихнама мәселесі тарихты кәсіби зерттеушілердің жариялаған еңбектері негізіндегі ғылыми даму деңгейін қарастырады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тарих ғылым ретінде қалыптасып, дамыды. Арнайы тарихи тақырыптар бойынша зерттеу еңбектері жарық көре бастады. XIX ғасырларда алғаш тарихи еңбектер жазған Ш.Ш.Уәлихановты, В.В.Радлов, А.Левшинді айтуға болады. XX ғасырдың басында Қазақстан тарихын зерттеуге В.В.Бартольд, А.Чулошников, М.Е.Массон, М.П.Грязнов т.б. өз үлестерін қосты. Кеңес дәуірінде идеологиялық қысымға қарамастан отандық тарих мәселелерін объективті зерттеуге ат салысқан ұлт зиялылары Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпеев, М.Тынышпаев, С.Асфендияров, Е.Бекмаханов және т.б. ерекше атауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет