20 – ға дейінгі ұпай:
Сен ұялшақ, тұйық адамсың, таныстарыңның ортасында үндемей отырып, адамдармен қарым-қатынаста жалғыз болғанды қалайсың. Бірақ бұл сенің достарың мен таныстарың мүлде жоқ деген сөз емес. Шындығында, олар сені тыңдағаның, түсінгенің және кешіргенің үшін бағалайды. Ал егер, сен өзіңнің көзқарасыңды еркін айтқың келсе, бәрімен бірдей сөз таластырғың келсе, қызықты серіктес болғың келсе, онда өз ұялшақтығыңды жою қажет, пікірталаста шынайы болып, әңгімені белсенді түрде қолдап отырған дұрыс.
Ал сенің айтқандарың жөнсіз болып көрінбеу үшін қарым-қатынас дағдыларын дамытып, жетілдіру керек. Сонымен бірге, сен өзіңе, өзіңнің біліміңе, білігіңе, қабілеттеріңе тым сыни көзбен қарайсың.
Достарыңызбен бөлісу: |